Жұма, 10 Мамыр 2024
4035 2 пікір 18 Мамыр, 2021 сағат 13:35

Канада Қырғызстанның әрекетіне наразы

Канада үкіметі Қырғызстан билігінің "Құмтөр" кен орнын канадалық Centerra Gold компаниясынан тартып алу әрекетіне алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Канаданың Сыртқы істер министрі Марк Гарно мен Шағын бизнес, экспортты дамыту және халықаралық сауда министрі Мэри Нгтың бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

«Қырғызстанның маңызды инвестициялық серіктесі ретінде Канада тау-кен саласының дамытуға қатысты іс-әрекеттерге қатты алаңдайды. 17 мамырда өткен Қырғыз парламентінің кезектен тыс мәжілісінде «Құмтор Голд Компаниді» уақытша сыртқы басқару туралы шешім қабылдағанына наразы», - делінген хабарламада.

Ресми Оттава қырғыз билігінің мұндай әрекеттері елдегі болашақ шетелдік инвестициялар көлеміне кері әсер етуі мүмкін, ал ол өз кезегінде Қырғызстан халқының әл-ауқатына кері әсер етеді деп ескертеді.

«Құмтөр» ірі алтын кен орнын канадалық Centerra Gold компаниясы игеруде. Қазір Қырғызстанның жаңа билігі кенішті мемлекет меншігіне алуға тырысуда. Канадалық инвестордың жұмысындағы көптеген заң бұзушылықтар анықталып, қылмыстық іс қозғалып, сыртқы басқару енгізілгеннен кейін, екі ел арасында түсінбеушілік пайда болды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1909
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2004
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1677
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1513