Жексенбі, 12 Мамыр 2024
3402 0 пікір 18 Мамыр, 2021 сағат 12:50

Қазақстаннан кеткендер БЖЗҚ-дан 10 млрд теңге алды

2021 жылдың басынан бері қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 10 миллиардтан астам теңге алған. Бұл туралы LS сайты мәлімдеді. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған қаражатты Қазақстаннан басқа елге біржола кеткен салымшылар алғандығы айтылады.

«2021 жылдың басынан бастап 4,6 мыңнан астам адам (4683 төлем) жалпы сомасы 10,6 млрд.теңге алды. Салыстыру үшін: 2020 жылдың сәйкес кезеңінде - 6,2 мың адам 12,6 млрд.алған» ,- деп мәлімдеді БЖЗҚ.

Қор 1,4 миллиард теңгеге 538 төлем ұлттық валютада аударылғанын, 8,7 млрд. теңгеге 4 мыңнан астам төлем рубльге, 400 миллион теңгеге 87 төлем долларға, 100 миллион теңгеге 28 төлем еуроға және 10 миллион теңгеге үш төлем фунт стерлингке аударылғанын айтты.

«Стерлингпен төлемдер Ұлыбритания мен Ресейге төленді. Доллармен - Ресейге, Беларуссияға, Украинаға, Қырғызстанға, Канадаға, АҚШ-қа, Израильге, Австралияға және басқа елдерге, еуромен - Германияға, Италияға, Нидерландыға, Швецияға және басқаларға», - деп атап өтті БЖЗҚ.

Сонымен қатар, департамент 2021 жылы тұрақты тұруға кетуге байланысты жинақ ақшасын төлеу алушының Қазақстаннан кеткендігін білдірмейтіндігіне назар аударды.

«Зейнетақы ақшасы жеке зейнетақы шоттарында шексіз сақталады, оларды төлеуге тұрақты тұруға кеткеннен кейін кез-келген уақытта жүгіне аласыз. Қазақстаннан шыққаннан кейін бес және одан да көп жыл өткен соң төлем жасауға өтініш білдіру жағдайлары жиі кездеседі», - деді БЖЗҚ.

Айта кетейік, 2021 жылдың бірінші тоқсанында 5519 адам елден кетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, Қазақстаннан кеткендердің саны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25% -ға азайған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2166
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1785
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534