Сенбі, 11 Мамыр 2024
3366 4 пікір 14 Мамыр, 2021 сағат 12:37

Жыл басынан бері 5,6 мың адам қандас мәртебесін алған

Қазақстанда жыл басынан бері 5 685 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бері елге 1 млн. 76,1 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы 13 мамырда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Биыл келген қандастардың жартысынан астамы (76,9%) Өзбекстаннан, 10,7%-ы ҚХР-дан, 5,4%-ы Түрікменстаннан, 2,9%-ы Моңғолиядан және 4%-ы басқа елден келген. Бір атап өтерлігі, алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда бұл жолы Қытайдан оралғандардың үлес салмағы едеуір азайғаны баайқалады.

Келгендер негізінен Алматы (31%), Түркістан (15,8%), Маңғыстау (15,9%) және Жамбыл (7,8%) облыстары, сонымен бірге Шымкент қаласына (11,4%) қоныстанған.

1 мамыр күнгі ақпарат бойынша, қоныс аударушылардың 57%-ы – еңбекке жарамды, 24%-ы – еңбекке қабілетті жастан кіші , 18 пайызын зейнеткерлер құрайды.

Еңбекке қабілетті қандастардың 11%-ының жоғары білімі бар. 85 пайының орта білімі бар. 4%-ының білімі жоқ.

Елде қандас мәртебесі бір жылға дейін жарамды. 2020 жылы мамырда көшi-қон мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзіліп, бұған дейін "оралман" аталып келген этникалық қазақтар "қандас" деп аталатын болған. Бірақ оралмандар бұл өзгерістер азаматтық алу процедурасын жеңілдетпеді деп санайды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1926
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2071
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1722
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1523