Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
4023 1 пікір 7 Мамыр, 2021 сағат 12:16

Азат Перуашев: Бұл ақша бізге емес, болашақ ұрпаққа тиесілі

Азат Перуашев Ұлттық қор қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі парламенттік топ құруды ұсынды. Ол бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында республикалық бюджетке нақтылауларды талқылау барысында мәлімдеді.

Үкімет ұсынып отырған бюджетті ұлғайту көздерінің бірі Ұлттық қордан 850 млрд теңгеге трансферттердің өсуі болып табылады.

«Біз қазіргі жағдайда бұл қажетті шара екенін түсінеміз. Бірақ ол Үкіметтен бұл қаражатқа өте мұқият болуды талап етеді.

Бұл ақша бізге емес, болашақ ұрпаққа тиесілі», - деді А.Перуашев.

«Ақ жол» көшбасшысы аталған қаражатты пайдалану кезінде тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі барлық фракциялардың қатысуымен тұрақты жұмыс істейтін парламенттік жұмыс тобын құруды ұсынды.

- «Бұл ұсыныс өткен кезеңде экономиканы және халықты қолдау шараларын іске асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша құрылыстың жоғары құнынан бастап, мектеп ноутбуктерін тікелей ұрлауға дейінгі  көптеген дабылдарға байланысты біздің алаңдаушылығымыздан туындады.

Осы қаражатты жұмсау нәтижесі бойынша парламенттік тыңдаулар өткізу қажет деп санаймыз», - деп толықтырды Азат Перуашев.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2001
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2427
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1982
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1578