Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2604 0 пікір 4 Шілде, 2009 сағат 12:29

Өркен КЕНЖЕБЕКОВ. Гекатомба

Ежелгі эллиндер еліндегі салт-дәстүрді есепке алу мүмкін емес. Жүректі елітері де, жаныннан жирендіретіні де бар. Соның ішінде майы жүніне шыққан жүз бұқаны жетектеп әкеліп, жұрттың көзінше қанын суша шашыратып, құрбандыққа шалу дәстүрін өздері гекатомба дейтін. Тіпті, құрбан малдың саны жүзге жетпесе де, оны әлгі сөзбен анықтау әдетке айналған-ды.

Қазақ билігіндегі саяси әдет-ғұрып саны да, санқилылығы жағынан да эллиндіктерді шаң қаптырады. Бұған күмәніңіз болмасын. Бағана сөз еткен гекатомбамыз да жүр мұнда. Айырмасы, құрбандық - адам ғана...

Айт не, айтпа не, бұған дейін атақ-дәрежелері ат үркердей болып келген лауазым иелерін билік қалпақпен ұрып құлатып жатыр. Біреуінің тамақ рационы түрме макаронымен толықса, келесі бірі тамұқтай ыстық тергеу изоляторымен енді-енді танысуда. Айналып келгенде, қаймана халықтың көзқарасында «билік» не, бірін-бірі тұқылына дейін жейтін амаробия өрмекшілері не, айырма болмай барады. Осыдан келіп, көкірек көзі ашық азаматтар елді 37-нің елесі кезіп жүр дегенді бір-біріне сыбырлап болсын айтып жүр. Ресми биліктегілер болса, борсыған көлшіктегі балықтар секілді, өз ортасындағы індетпен шаруасы жоқ, мең-зең. Басқа мәселе құрып қалғандай, «біздің ел - бірінші» деген негізі табыла бермейтін сөзді аузына бір алмаса, айызы қанбайды. Рас қой, енді.

Өз терімізге өзіміз сыймай отырып, осы сөздерді айтуға бір себеп - биліктің іс-қимылында нақты стратегияның, я болмаса қарапайым қисынның (логика) жоқтығы. Мысал қайда дерсіз? Қазақ атом өнеркәсібінің құлағынан ұстап отырып, қазіргі деңгейіне жеткізген Мұхтар Жәкішев пен оның орынбасарларының істі болуын алайық. Бизнестің жатырын жарып шыққан топ-менеджердің Рахат Әлиевпен балабақшада, Мұхтар Әбіләзовпен  институтта дос болуы - басына сойыл боп тиген сияқты. Әрине, ҰҚК таққан айыптардың шынайылығына ешкім күмән келтіре қоймайды. Бірақ, осы дүрбелеңнің қозғалуына ат салысқан Татьяна Квятковскаяның «Ол - Әбіләзовтың жан досы» деп жанайқайға басқаны әлі есте. Содан ба, оны жай ғана жемқор дегеннен гөрі, Құлекеев - Бүркітбаев - Ысқақов тізбегінің жалғастырушысы деп қабылдағанымыз рас. Біраз саясаттанушылар оның кәсібилігін ескере отырып, «кешіруге» де болар ма еді деген пікір айтты.  Одан ары Вена елшілігінде шу шығарған Мұхтар Әлиев, оппозициялық сайттардың электронды бұғауға алынуы, Серік Тұржановтың қамалуы деп тізімді жалғастыра беруге болады. Әсіресе, Бас прокуратураның Рахат Әлиевтің кітабына цензура қойғаны саясаттан іргесі аулақ адамдардың өзінде ащы мысқыл туғызды. Мейлі, кітаптың ішінде мемлекеттік құпия бар делік, бірақ онда оны неліктен Батыс Еуропаның, ит аяғы Гренландияның көк мұзындағы жұрт білу тиіс? Оларға да бізбен бірдей цензура қойылсын, оқуға тыйым салынсын. Әйтеуір, осы «аңғалдығын» түсінген ағаларымыздың кітапты тек заңсыз әкелу мен таратуға ғана жаза түрін қалдырғанына рахмет! Осы қылығы арқылы билік биігіндегілер қиялы жағынан Стивен Кингті қуып жетсе де, логика тұрғысынан ақсап тұрғанын аңғартты.

Осыған қарап, бізге әр нәрсеге бір шабылған билік қандай да бір тылсым күштің бойды алуынан қорқатын секілді көрінеді де тұрады. Әбілов, Тоқтасынов, Қожабеков сияқты оппозиция жетекшілерін «қылмыстық іс жасады» деп қуғынға салу, «Алға, ДВК» қозғалысының жетекшісі Козловтың басына бұлт үйіру, Жәкішев, Тұржановтарды тұқырту, «жазушы» Әлиевке қыр көрсету - осының бәрі үкімет саясатын қолдағандарға да, қолдамағандарға да берілген соққы секілді. Былайша, биліктің астынан су шыққандай шоршуына себеп жоқ. Бұқараның көңіл-күйі бірқалыпты, саяси аренадағы «Нұр Отанның» доминант рөлі өсіп келеді, ал оппозиция... сол қайраңға шыққан қайықтың күйінде. Ұран тастағанмен, уралаған халқы көрінбейді, тас бүркеніп жатып алса, тағы ұят. Соған қарағанда, ат төбеліндей аз билік одан да аз биліктің эрогенді аймақтарына таласушы тараптарға қыр көрсетуде. Соңғы айларда болып жатқан саяси оқиғаның бәрі де - осы мақсаттағы әрекеттер болса керек. Бұл үрдістің нәтижесінде меншік бөлісу, билік олимпіндегі күш балансы да өзгеріске түседі. Әйтсе де, биліктің әрекетіне оның қысымын көруші кландар қалай, немен жауап қайырмақ? Бізді алаңдататыны да - осы. Әбіләзов, Досмұхамедов сияқты шекара кесіп, дуал сыртынан тас лақтырса жарар. Бұдан да сорақысына бармаса болғаны... Кезінде К.Маркс пен Ф.Энгельс бірлесе жазған «Коммунистік партияның манифестінде»: «Саяси билік дегеніміз - бір тапты басыну үшін бір таптың ұйымдасқан түрдегі қысымы» деп жазған болатын. Әлдеқашан сүйегі қураған идеологтардың айтқан сөзді Қазақстан билігінің қазіргі ісіне диагноз ретінде қойсақ, қалай қарайсыздар?

«Алты Алаш» газеті, №3 (03.07.2009)

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1927
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2075
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1725
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1523