Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
3460 1 пікір 6 Мамыр, 2021 сағат 12:41

Жақсылық Үшкемпіров атындағы турнир өтеді

Елорда әкімдігінің қолдауымен 7-9 мамыр күндері грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықарлық турнир өтеді.

Нұр-Сұлтан қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 2001-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында өтетін турнирде балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынайды.

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 250-ден аса спортшы қатысады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдармен марапатталады.

- «Елдегі карантин талаптарына сәйкес халықаралық турнир жанкүйерсіз өтеді. Көрермендер жарысты Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 7 мамыр күні сағат 16:00-де болады», - деді басқарма өкілі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2017
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2435
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2010
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1585