Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
8272 10 пікір 5 Мамыр, 2021 сағат 15:22

QazVac вакцинасын алғандар не дейді?

26-сәуірден бастап қазақстандық QazVac вакцинасын егу басталды. Халыққа ресейлік, қазақстандық және қытайлық вакцинаны таңдау мүмкіндігі берілуде. Отандық вакцинаны алған жандар желіде пікірлерін білдіріп жатыр.  Бұл туралы  іnform.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. 

Алғаш болып вакцинаны Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алған еді. Ол вакцинаға қатысты: "Вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі институтта 50 мың дозамен өндірілді. Институтымыз вакцинаны дербес өндіруге мүмкіндігі бар. Қазақстанда өндірілген дозалар барлық өңірлерге жіберілді. Мұнан ары өндірісті ұлғайта түсу үшін түрлі алаңдарды қарастырып жатырмыз. Бұл - түрік серіктестеріміздің алаңы. Сонымен Гвардейскийде өзіміздің зауытты салу үстіндеміз. Қазір ол мұнан ары іске қосу үшін құрал-жабдықтарын орнатудың барлық кезеңінен өтіп жатыр», - деді.

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан да вакцинаны алып, желіде былай деп жазды. "Мен өзіміздің Қазақстандық ғалымдарды қолдаймын және сенемін! QazVac-ты салғыздым. Астанада Әбу-Даби ғимаратында салып жатыр, 2-ші қабатында. Кезек жоқ, 10 мин ішінде салып жіберді. Тағы 30 мин отырасың, кетесің", деді.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова отандық вакцинаның таңдағанын әлеуметтік желіде жазды. "Отбасымды ойлағандықтан "QazVac" вакцинасын салдырдым. Қазір жағдайым жақсы, ешбір ауырсыну белгілері болған жоқ. Дәрігерлер үш күнге дейін денсаулығымды бақылауды ұстайтындығын ескертті. Енді 21 күннен кейін вакцинаның екінші дозасын салдырамын. Біздің жұмысымыз халықпен тығыз байланысты. Қызмет бабына байланысты түрлі жерлерге барып, адамдармен жолығуға тура келеді. Сондықтан індет жұқтырмау үшін осындай қадамға бардым. Үйдегі үлкендеріміз де екпе салдырды. Біз кәсіби мамандарға сенеміз. Екпеден қорқудың қажеті жоқ деп санаймын. Өз денсаулығымыз үшін шешім қабылдауымыз қажет", - деді М. Қазбекова.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек те отандық ғалымдардың өнімін ектіргенін мәлім етті. "Бүгін отандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасын салдырдым. Біздің еліміз коронавирусқа қарсы өз вакцинасын шығарған әлемнің 5 елінің бірі болды. Жамбыл облысы Қордай ауданында жасалған вакцина қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлеріне жеткізілді. Біз бұл ауруды тек жаппай вакцинация жүргізу арқылы қана жеңеміз! Бүгінгінің батыры дәрігерлерімізге шын жүректен тағы да алғыс айтқым келеді! Ел аман, жұрт тыныш болсын!", - деп жазды әкім орынбасары.

Abai.kz

 

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1998
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2423
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1979
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1577