Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2892 0 пікір 24 Сәуір, 2012 сағат 06:01

Әбіуақап Қара. Шетел қазағы Қазақстанына жанын беріп жатыр...

Доцент, жаратылыс ғылымдарынын докторы Хақан Одұнжыұлы Британияда медициналық электроника саласында маман ғалым еді. Кардиф университетінде жұмыс істейтін (Ол туралы мына сілтемені қараңыз http://mespru.research.glam.ac.uk/staff/hoduncu/)

Назарбаев университетінің дамуына үлес қосу үшін қызмет  істеп жүріп осы  сәуір айының 21-і күні 44 жасында кенеттен дүние салды.

Бұл ер азамат үшін, патриот үшін, елін сүйген ғалым үшін үлкен мәртебе. Ислам діні «ғалымның сиясы шәйіттің қанынан да қасиетті» дейді. Хақан әрі ғалым, әрі отаны үшін жанын пида қылған шәйіт.

22 сәуір күні Ыстанбұлда тұратын атасы Ғани Одұнжының үйіне барып көңіл айттым. Құрметті ата, өте байыпты, салмақты да салқын қанды жан екен. Құдайдың жазғаны, тағдыр солай екен деп белді бекем буып отыр.

Сонда Ұлы Британия қазақтарының өкілі Бәшір Жаналтай «Хақан елі үшін елінің ғылымына үлес қосам деп жүріп Атамекенде дүние салды. Жаназасын сонда жерлеуге ұлықсат етесіз бе? Егер ұлықсат етпесеніз, түрік және ағылшын орындары бүкіл шығындарын төлеп сүйегін Ыстамбұлға жеткізетін болады. Аландамаңыз, бірақ ұлықсат етіңіз, сүйегі туған елінде қалса жақсы болар еді" деп сұрады.

Құрметті ата: "Осында келсе жақсы болар еді, жаназасын өзіміз оқып өз қолымызбен жерлесек бейітіне барып Құран оқып тұрсақ", - деді.

Сонан соң отырған кісілер, балаңыз - ғылым шәйіді. Шайіттер шәйіт болған жерінде жерленеді. Ұлықсат етіңіз. Ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрған Қазақстанның ең беделді ғылым ордасы болған Назарбаев университетінде дәріс оқып жүріп қайтыс болды. Қазақстан ұлы мемлекет, олар сізге жағдай жасап жаназасына қатыстырар, барып өз қолыңызбен жерлеп, топырақ салып қайтасыз деді.

Сонда ата: "Енді көпшілік біледі, ел біледі. Сіздер солай ұйғарсаңыз солай болар. Бала шағаммен, келінмен ақылдасайын", - деді.

Міне,  Хақаның әкесі осындай саналы, көпшілікті құрметтеген, Аллаға берік сенген ата. Аяулы ұлын, бүкіл Еуропа қазағы мақтан еткен ұлынан айрылса да, Құдайға берік сеніп отыр. Сабырлылық көрсетіп отыр.

Бірақ өкінішке орай, шетел қазақтарының мұңын мұңдап, қайғысын сейілтуге тиіс Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы үнсіз.   44 жастағы дені сау азамат қалай өлді? Өз ажалынан өлді ме? Біреу қастаңдық жасады ма? Жаназасы не болады?  Осы сұрақтардың бәрін тексертіп мәлімет алып, Еуропа қазақтарында қазіргі пайда болып отырған күдіктерді сейілтсе болмас па еді?

Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың өзінен ешқандай хат жоқ. Негізінде оның қаза тапқан ғалымның отбасына телефон соғып, ата-анасына, бала-шағасына көңіл айтып қайғыларына ортақтасатын жөні бар еді.

Осы күнде Қазақстанда «Шетел қазағы Қазақстанға не береді?» деген сұрақ жиі қойылып жатады.

Көріп отырсыздар, шетел қазағы отанына жанын беріп отыр. Бұдан артық несін берсін? Мұны көріп, біліп отырған кім бар? Бұл жерде Қазақстан халқын кінәлап отырған жоқпыз. Өйткені бұл жәйт баспасөз құралдарында айтылмаса, көпшілікке естіртілмесе, халық қайдан біледі? Сондықтан мұны Қазақстанда айтатын, жалпы жұртқа  жеткізетін бірден бір орын ДҮНИЕ ЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ. Ал ол бұл жұмысты атқармаса, онда кімнен не күтесің?

Сұрамақ болғанымыз:

Бұл жағдайды қауымдастық ақпарат құралдарына жеткізді ме?

Хақаннын жаназасы туған елінде қалсын деп жұмыс істеп отыр ма?

Тіпті ата анасына телефон соғып, "перзетің туған елі үшін жанын берді, тіпті Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көп үміт артып құрған бірегей университетімізде жұмыс істеген кезінде дүние салды. Алла алдынан жарылқасын. Мұндай перзент туғызып, оқытып елге жібергеңіз үшін сізді құттықтаймыз және алғыс айтамыз. Қауымдастық төрағасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан, бүкіл Қазақстан халқы атынан көңіл айтып қайғыларыңызға ортақтасамыз" деп айтты ма?

Шетел қазағы атамекені Қазақстанға  қолынан келгенінің бәрін беруге дайын, беріп те жатыр.

Шетел қазағынын ең қымбаттысы жаны. Соны да беріп жатыр. Ең оқымысты, ең жеткен азаматтарының бірі болған Хақан Одұнжы 2012 жылы 21 сәуір күні Астанада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы университетте электроника саласында сабақ беріп жүргенде дүние салды.

Бірақ мұні елеп ескерген Қазақстанда кім бар? Мұны ең баста Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы елеп ескеруі керек еді?

Егер шетел қазақтарының атамекені үшін істеген жұмыстары Қазақстанда айтылмаса, халыққа жеткізілмесе әлі біз талай жылдар "шетел қазақтары Қазақстанға не береді? Алам деп келмеңер, берем деп келіңдер" деп айтып жүретін боламыз. Жиырма жылдан асып келе жатқан Қазақстан тәуелсіздігін сақтау, елімізді гүлдендіріп әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосу -- бүкіл қазақтың парызы. Сол үшін шетел қазақтары мен атамекен қазақтары арасындағы туысқандық, отандастық байланыстар күшті болу керек. Қазақстанда шетел қазақтары туралы жаңсақ пікірлер болмауы керек. Сол сияқты, шетелдегі қазақтар арасында да атамекен туралы жаңсақ пікірлер, атап айтқанда, Қазақстан шетел қазақтарын керексінбейді, менсінбейді деген қате пікірлер болмауы керек. Мұны болдырмау ең алдымен осы Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының жұмысы емес пе?

Аса қайғылымыз. Арысым Хақан Одұнжының әлі Қазақстанына да, Еуропа қазақтарына да берері көп еді. Мезгілсіз, жас кезінде кенет дүние салғанына қабырғамыз қайысып отыр. Бірақ бәрінен де Президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағасы болған, шетел қазақтарын атакемекенмен байланыстырады, олармен ынтымақтастықты күшейтеді деген ұйымның осы қазаға мән бермей отырғаны ауыр тиіп отыр.

Аяулы баурым Хақан Одұнжы, Алла алдыңан жарылқасын, арысым. Барған жерің жаннат, топырағың торқа болсын. Сенің қадіріңді   түбі қазақ халқы білетін болады. Елің саған риза, сенің аруағың да еліңе риза болсын.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1046
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 781
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 902