Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3740 0 пікір 27 Сәуір, 2021 сағат 15:22

Ресейде заңсыз жүрген Қазақстандықтар елден мәжбүрлеп шығарылады

Ресей Федерациясы ІІМ-нің талабына сәйкес Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары осы жылдың 15 маусымына дейін елден кетуге немесе Ресей Федерациясында одан әрі болуын заңдастыру бойынша шаралар қабылдауы тиіс. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Заңсыз жүрген азаматтар санатына:

- Мүлдем тіркеуге тұрмаған;

- Уақытша тіркеуінің, уақытша тұруға рұқсатының (РВП) және тұрғылықты тұруға рұқсатының (ВНЖ) уақыты өтіп кеткен азаматтар жатады.

«Сонымен қатар, заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда азаматтарға қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды», - деді министрлік өкілдері.

Егер Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартудан бас тартса және елден өз еркімен кеткісі келмесе, құқық бұзушыларды елден мәжбүрлеп шығару және Ресейге кіруге шектеу қою шаралары қолданылуы мүмкін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 390
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 212
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 228
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 225