Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2859 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 20:55

Ләззат Кемелбаева. «Баламды медресеге біл деп бердім...»

Бүгінде елімізде діни оқу-ағарту жұмыстары жоқтың қасы. Соның салдарынан қандастарымыз бен жас буын өкілдері сонау ықылам заманнан бері ата-бабамыз ұстанып келе жатқан Хақ дініміз Исламнан безіп, дәстүрлі емес өзге жат діндердің жетегінде жүр. Әрине, еліміздегі әлеуметтік зерттеулер дінге сенетін адамдардың санын статистикалық көрсеткіштермен өлшейді. Сондықтан олардың нақты санын тап басып айту қиын.

Бүгінде елімізде діни оқу-ағарту жұмыстары жоқтың қасы. Соның салдарынан қандастарымыз бен жас буын өкілдері сонау ықылам заманнан бері ата-бабамыз ұстанып келе жатқан Хақ дініміз Исламнан безіп, дәстүрлі емес өзге жат діндердің жетегінде жүр. Әрине, еліміздегі әлеуметтік зерттеулер дінге сенетін адамдардың санын статистикалық көрсеткіштермен өлшейді. Сондықтан олардың нақты санын тап басып айту қиын.

Бірақ еліміздегі діни білім беру жүйесі жайында сөз қозғағанда еріксіз тілімізді тістейміз. Тіпті біз «жастар рухани білімді қайдан алады?» деген сауалға жауап беруге қиналамыз. Рухани білімге «аңсары ауғандар» шетелдің медреселерінен білім алуға ынталы. Бірақ елімізге уақытша келген шетелдіктер мен шеттен діни сауат ашқандар бөтен елдің идеологиялық келімсектік немесе жат түсініктері мен пиғылдарын діни тұрғыдан халық санасына сіңіруге күш салары ақиқат. Демек қоғам мүшелерінің мемлекеттік бағдарламасынсыз шетелде білім алу мақсатымен оқуға аттануы толғандыратын жайт. Өйткені, мұның - келешекте ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіруі бек мүмкін. Сондықтан, діни білім беру жүйесін мемлекет өз қолына алуы тиіс. Бұл жерде тағы да әлге сауал алдымыздан кесе көлденеңдейді. «Баламды медресеге біл деп бердім» деп Абай айтпақшы, қазіргі таңда медресеге ынталылар қатары сирек. Нұр Астана мешітінің қызметкері Әділхан Серікбайдың айтуынша, Астана медресесінде бүгінде небары 70 баланың діни сауат ашып жатқан жайы бар.

- Шариғатқа сүйенсек, діни тәрбие нәресте дүние есігін ашқан күннен бастап берілуі тиіс, - дейді Әділхан Серікбай. 7 жасынан бастап баланы намазға ертіп апару әрбір ата-ананың міндеті. Сондай-ақ 10 жасынан бастап намазға қатыстыру парыз. Әрине, бүгінде жастардың діни көзқарасы түзу десек те, жеткіншектердің тең жартысы рухани ошақтан гөрі түнгі клубтарды тәуір көреді. Бір ғана мысал, Астана қаласында 4 ғана мешіт болса, түнгі клубтардың саны 40-қа жетеді. Демек, әлде де болса, жастардың бетін мешітке бұру жолында біраз «терлеу» керек. Астана қалалық католик шіркеуінің діни басшысы, эпископ Томаш таяуда бізге келіп рухани тәрбиенің ақсауынан бүгінде мектеп оқушылары арасында жүктілік оқиғаларының көбейіп кеткендігін қынжыла баяндаған-ды. Біз де мұндай келеңсіздікке үнсіз қалуды жөн көрмедік. Ақылдаса келе мектеп оқушыларына имандылық тақырыбында тәрбие сағаттарын оқып тұрсақ қайтеді деп ойладық. Бірақ біздің ойымыз жүзеге аспады. Себебі, рухани сабаққа заңымыз рұқсат бермейді екен. Осылайша заңның солқылдақтығынан қимылдай алмай отырмыз. Дегенмен, мешіт ішінде діни сауат ашу курсы бар. Оқимын деген еріктілердің барлығына да есігіміз айқара ашық.

Шынында да діни сенім бостандығы үстемдік құрып тұрғанда, діни білімнің көкжиегін кеңейту қиын. Заңның солқылдақтығынан өзге діндегілер халықты өз ықпалына көндіріп жатыр. Өкініштісі, оған қасқайып тұрып күресуге дәрменсізбіз.

Ғалымдар алғашқы мұсылмандық медреселердің араб елінде емес, нақ өзіміздің топырағымызда - Мәуренахр жерінде пайда болғандығын алға тартады. Ал деректерге жүгінсек, Түркістан өлкесіндегі мұсылмандық білім ошақтары 8 ғасырда пайда болыпты. Белгілі шығыстанушы Бартольд бұл жайында: «Медресе оқу мекемесі ретінде мұсылман әлемінің астанасы Бағдаттың өзінде тек 11 ғасырдың екінші жартысында ғана пайда болды. Ал бұл кезде Мәуренахрда медресе деген жаңалық болудан қалған еді» - деп жазыпты. Демек, «бісмілләсі» өзіміздің жерімізден бастау алған медреселердің санын арттырып, діни сауатын сырттан алуға құмарлар қатарын шектеген біраз мәселенің тінін тарқатар еді.

 

 

«Нұр Астана» апталығы.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1864
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1905
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1603
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1466