Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2601 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 20:53

Ләззат Кемелбаева. Ұлттық санақ ұпайымызды түгендеді ме?

Статистиканың сүреңсіз көрсеткіштеріне көпшілігі илана бермейді. Әсіресе, әлеуметтік ахуалдың деңгейі нақты көрсетілмейді. Жақсысын асырып, жаманын жасырып көрсетуге бейім санақшылардың биыл бүкіл мемлекетіміздің жауапкершілігін иығына артқаны мәлім. Қазақстандықтарды жіпке тізген санақтың қым қуыт жұмысы әлі де жалғасуда. Дегенмен, халықтың нақты санын анықтап, басты міндеттің нүктесін қойған статистиканың сан қилы қызметі мен сиясы кеппеген санақ жұмысы «Темірқазық» пікірсайыс клубының отырысында талқыға түсті.

Алқалы жиынға арнайы шақырылған Статистика агенттігі әлеуметтік демографиялық статистика департаментінің директоры Әсия Қасенова ханым қазақстандықтардың бүгінгі статистикалық келбетін көрсетуге тырысты.

Әсия Қасенова, Статистика агенттігі әлеуметтік-демографиялық статистика департаментінің директоры:

- Биылғы мемлекеттік санақтың алдыңғыға қарағанда өзгеше болатынына күн ілгері «тон пішілді». Айтса айтқандай, 1999 жылдан бері Қазақстан халқының структурасы көп өзгергендігі анықталды. Оның бірнеше себебін атап өтуге болады. Біріншіден, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты болса, екіншіден, бұған әлемдік экономиканың да айтарлықтай әсері бар.

Статистиканың сүреңсіз көрсеткіштеріне көпшілігі илана бермейді. Әсіресе, әлеуметтік ахуалдың деңгейі нақты көрсетілмейді. Жақсысын асырып, жаманын жасырып көрсетуге бейім санақшылардың биыл бүкіл мемлекетіміздің жауапкершілігін иығына артқаны мәлім. Қазақстандықтарды жіпке тізген санақтың қым қуыт жұмысы әлі де жалғасуда. Дегенмен, халықтың нақты санын анықтап, басты міндеттің нүктесін қойған статистиканың сан қилы қызметі мен сиясы кеппеген санақ жұмысы «Темірқазық» пікірсайыс клубының отырысында талқыға түсті.

Алқалы жиынға арнайы шақырылған Статистика агенттігі әлеуметтік демографиялық статистика департаментінің директоры Әсия Қасенова ханым қазақстандықтардың бүгінгі статистикалық келбетін көрсетуге тырысты.

Әсия Қасенова, Статистика агенттігі әлеуметтік-демографиялық статистика департаментінің директоры:

- Биылғы мемлекеттік санақтың алдыңғыға қарағанда өзгеше болатынына күн ілгері «тон пішілді». Айтса айтқандай, 1999 жылдан бері Қазақстан халқының структурасы көп өзгергендігі анықталды. Оның бірнеше себебін атап өтуге болады. Біріншіден, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты болса, екіншіден, бұған әлемдік экономиканың да айтарлықтай әсері бар.

Биылғы санақтан халық санының әжептәуір өскендігін байқалады. Бұдан 10 жыл бұрын Қазақстан халқының саны 14 млн 955мың адам болса, бүгінде олардың саны 16 млн. 402 мыңға жетті. Біздің зерттеу бойынша, әсіресе, халықтың өсімі 2004 жылдан кейін күш алған. Кезінде ауылдан жаппай қалаға көшу үрдісі етек алып, нәтижесінде қала халқының саны артса, 2008 жылы (2009-дың үш айын қосқанда) керісінше, қалалықтар қатары 438 мың адамға азайыпты.

Әйелдердің жалпы саны 7 млн. 752 мың болса, ерлердің саны 7 млн. 702 мыңды көрсетеді. Пайызға шаққанда әйелдер үлесі 51,9 пайыз, ер азаматтар 48,1 пайыз. Демек, бұрын ерлер аз болса, 2000 жылдың басынан бастап әйелдер қатарының сиреуі байқалады. Алайда еңбекке жарамды жастағы ерлердің қайтыс болу деректері де басымдау. Есептік пирамидамызға жүгінсек, егер елімізде 60 пен 80 жастан асқан ересектердің саны көбейсе, онда орташа есеппен елімізде адам жасының ұзарғандығын байқауға болады. Бізде орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде - 61, әйелдерде - 72 жас. Яғни гендерлік айырмашылық 10-нан 10,5-ке өскен.

Ал туу қабілетіндегі әйелдерге 2,7 баладан келіп отыр. Егер туу көрсеткішіміз екі балаға жетпейтін болса, онда елде депопуляция болар еді. Бізде ондай қорқыныш жоқ. 2008 жылы шамамен 1 млн. адам сыртқы көші-қонға қатысыпты. Олардың 500 мыңнан астамы шетелден келген, 895 мың адам шетке кеткен. Түрлі себептермен шетелде жүрген, онда оқитын, жұмыс істейтін 17 мыңнан астам адамды тіркеуге алдық.

Әлемдік мемлекеттердің ішінде 2000 жылдың басында халқының саны жағынан Қытай алда тұрса, БҰҰ-ның болжамынша, енді аз уақытта Үндістан мемлекеті бірінші орынға шықпақшы. Ал ресейліктерге қазір депопуляция қаупі төніп тұр. Туудан гөрі өлім басым. Сондықтан солтүстіктегі көршіміз демографиялық көрсеткіштерін өсіру үшін аянып жатқан жоқ.

Негізі алдыңғы санақтың 2 млн.-ға жуық адамды қамтымағандығы жайлы деректер бар. Демек, қазіргі өсіміміз солардың толық есепке алынуымен және табиғи өсімге байланысты. (Табиғи өсім 10 жылдың ішінде 821 адамға артқан).

Халықтың орташа жасы демографияда жыл сайын прогнозға пайдаланылатын көрсеткіш болып табылады. Орташа жас үлкейген сайын ересектер қатарының көбейіп келе жатқандығын байқаймыз. Мысалы, көрсеткіш 22,5-23,5 болып өсіп отыратын болса (40 жастан асқандар), бұл  халықтың қартаю процесін көрсетеді. Елімізде зейнетақы алатындар қатары 10 пайыздан асады. Дегенмен біздегі орташа жастың көрсеткіші әр түрлі деңгейде. Әйтсе де, 1980-85 жылдары дүниеге келу көрсеткішінің басым болғаны мәлім. Қазір сол кеңес кезінде дүниеге келген бэби-бумның өздері балалы болып отыр. Бұл - екінші бэби-бумның жалғасы дүниеге келіп жатыр деген сөз.

Жұмыссыздық дерегін нақты білгенімізбен, халықтың табыс көзін дәл анықтау қиын болып отыр. Санақ кезінде біз 5 мыңнан 10 мыңға дейін, 10 мыңнан 20, 35 мыңға және 60 мыңнан миллионға дейін, миллион теңгеден жоғары деп гратация жасадық. Бірақ миллионнан жоғары гратацияны белгілегендер аз болды.

Ресейде 2002 жылғы санақтан кейін көп тартыс туындады. Орыс экономистері мен ғалымдары санақтан кеткен қателікті 7 пайыз деп көрсетті. Ал статистика мамандары 3 пайыз ғана деп атады. Әрине, санақ жүрген жерде қате де қоса жүреді. Негізі ең таза санақ 2000 жылы Америкада өткен екен. Бұл санақтың әділдігін БҰҰ-ның өзі мойындаған. Ондағы қателік 5 пайыз болыпты. Ал бізде бұл тұрғысында бірнеше көрсеткіштер бар. Яғни санақтың қамтылу қатесі бір бөлек те, парақты толтыру қатесі деген тағы бар. Біздің қамту қателігімізді шамамен 1 пайыз деп көрсетсек, онда 16 млн. халықтың 1 пайызы 16 мың адамды тіркеуге алмаған болып табыламыз. Бірақ бізде ондай дәрежеде қамтылмай қалған адам болған емес. Санақтан соң тек 300 адамның есепке алынбағандығы анықталды.

Статистикалық деректер халықтың жағдайын жасауға әжептәуір ықпал етеді. Мүгедектердің жалпы саны арқылы оларға қосымша көмек қарастырылады. Арнайы автобустар сатып алынып, мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықты жолдар жасалады. Мәселен, шетелде санақ барысында «аяғың ауыра ма?» деген сұрақ кез келген адамға қойылады. Сол сияқты баспалдақтан түсіп-мінгенде оның қаншалықты қиналатыны да есепке алынады. Соған сай үкімет халықтың жағдайын жасайды. Біздің жасаған прогнозымыз бойынша, мектеп жасындағы балалардың саны азайып барады. Есесіне, салынып жатқан мектеп көп.

Елімізде 15 пен 24 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 1 жарым миллионға жетеғабыл. Негізі еліміздегі 143 жоғары оқу орынында 633 мың 814 студент білім алуда. Олардың 79,7 пайызы ақылы негіздегі мемлекеттік емес ЖОО-да оқыса, 18,7 пайызы мемлекеттік грант бойынша тегін оқып жатыр. Ал түлектердің 1,6 пайызы өзге қаржыландыру көздері арқылы білім алады. 2008-09 оқу жылында еліміздегі колледждер 144 мың студентті оқуға қабылдаса, осы орта арнаулы оқу орындарынан биыл 105 мыңнан аса түлек бітіргелі отыр.

Бүгінде жастар арасындағы басты проблема - ер балалардың суициді өте көп. Сондай-ақ жеткіншектер өлімінің басым бөлігін автокөлік апаттары мен улану оқиғалар құрайды. Алдағы уақытта жас буынның статистикалық деректерін қамтитын арнайы кітапшалар жинағын шығаруды жоспарлап отырмыз.

Омар Жәлелұлы, ЕҰУ-дың философия кафедрасының аға оқытушысы:

- Кеңестік кезеңде жүргізілген санақ белгілі бір дәрежеде Ресей үкіметінің мүддесін көздейтін. Қазақ халқының есебін түгендеп, жерінің көлемі мен малының санын білу үшін жасалынатын. Ал егемендік алғаннан кейінгі өткізілген санақтың мүддесі беймәлім секілді. Бізде, қайтсек қазақтың санын көбейтеміз, халықтың жағдайын жақсартамыз, өмір сүру ұзақтығын көтереміз, еңбекке жарамды адамдардың қаншасын жұмыспен қамтуға дайынбыз деген ұлттық стратегиялық жоспар алдын ала жасалды ма? Ел болам деген мемлекеттің санақ жүргізген кезде алдын ала дайындаған белгілі бір жоспары, саясаты болуы тиіс. Егер ондай мүддеміз болғанда, қазіргідей шашырап-шашылып отырмас едік. Негізі біз үшін ұлттық мүддеміз осы санақты алға жетелеуі керек еді. Бірақ ондай нәтиже болған жоқ.

Әлихан Бәйменов, «Темірқазық» пікірсайыс клубының жетекшісі:

- Бірсыпыра елдерде статистикалық зерттеулерді саясатқа нақты пайдаланады. Мәселен, 1997 жылы іс сапармен Малайзия мемлекетінің ауылшаруашылық министрлігінің жұмысымен танысып қайттық. Мамандар сала министрлігінің негізгі мақсаттарын түсіндіріп жатып, өздерінің жұмыс тәсілін де айтып өтті. Оларға жылына пәлен келі етті азайтып, есесіне мынанша келі балық жетіспейді деген алдын ала ақпарлар беріледі екен. Яғни Малайзия үкіметінің алдағы жұмысы сұраныстың көлемін арттыру болып табылады. Сол үшін олар аталған ақпараттың тиімділігін ескеріп, енді олар сыртқы саудада ет салығының төлемін өсіріп, балық алып келгендерге салықты азайтады.

Тағы бір көңілге тоқитын мәселе, малайлықтарда барлық дерек қалың жұртқа жария. Ұлт мәселесін ашық түрде айта алады. Оларда қандай да бір мамандық бойынша қай ұлттың үлесінің басым екенін статистика нақты анықтайды. Бұл қазақстандықтарға да қажетті дерек болар еді. Бізде тіпті байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық жайындағы ақпараттың өзі  жалаң. Миллионерлердің байлығы нақты көрсетілмейді. Егер олардың табысы дәл берілсе, коэффициент бірден өзгеріп шыға келер еді. Ал санақ кезінде біздегі табыстың жоғары деңгейін 1 миллион теңгемен ғана көрсеткен. Дегенмен, кейбір миллионерлердің орташа табысы 20 млн. немесе 50 млн. теңгені құрауы ғажап емес. Сондықтан дұрыс коэффициентті шығару үшін келешекте ондай қалталы топтың өзіндік портретін жасау керек сияқты.

Жұмыссыздық есебінде де көңілде күдік жоқ емес. Негізі жұмыссыздардың статистикалық көрсеткішіне шетте жүргендер қамтылмай қалатын секілді. Мәселен, агенттіктің бүгін ғана жариялаған көрсеткіші бұдан бір жыл бұрынғы есеппен бірдей. Ал бір жылдың ішінде елімізде қанша құрылыс компаниясы жабылды. Осындай деректер статистикаға күдік келтіреді. Басқасы басқа, жұмыссыздық көрсеткішінің бір жылда бірнеше есеге өскеніне күмән жоқ. Ал статистика көрсеткіші сол күйі тұр.

Алдағы уақытта қажетті кадрлар тізімін жасақтау керек. Бүгінде қоғамның келешектегі келбетін анықтайтын мамандық бойынша құрылым бұзылып кеткен сияқты. Жастардың барлығы бірдей сот бола бермес. Мәселен, болашақта қолымен кәсіп жасайтындардың дефициті орын алуы мүмкін. Елге қанша мұғалім мен дәрігердің керек екенін үкімет онсыз да біледі, ал қалған мамандықтарды білмейді. Егер қажетті мамандықтардың тізімі жасақталса, сол арқылы жастарды дефицит мамандықтарға тартқанымыз жөн. Бұл жұмыста Білім және Еңбек министрлігінің күш біріктіргені дұрыс шығар.

Амангелді Айталы, қоғам қайраткері:

- Ұлтаралық қатынастарды реттеу үшін, олардың әр саладағы деңгейлерін білу керек. Мысалы, ең алдымен қазақтың кәсіби деңгейін білуден бастау керек. Мақсат - мұнай саласында қанша қазақтың жұмыс жасайтындығында емес, қаншасы инженер, қаншасы қара жұмысшы дегендей олардың кәсіби деңгейін анықтау. Сондай-ақ әр ұлттың өмір сүру ұзақтығын білу, балалардың шетінеуі, жастардың жұмыспен қамтылуы, қылмыстылық деңгейін анықтау да маңызды. Олай деп отырғаным, кеңес кезінде 15 мемлекеттің деңгейін одақтық статистика біліп отырды. Осындай саясатты  бізге де қолдану үшін депутат кезімде аталған мәселені сол кездегі Премьер- министр Тасмағанбетовке сауал ретінде жолдағанмын. «Сіздің ұсынысыңызды жүзеге асыру үшін тағы бір халық санағы керек болады. Ол қомақты қаржыны керек етеді» деген жауап алғанмын сонда. Дегенмен, халықтың ауыз суға қол жеткізуі санақтың артықшылығы деп атар едім. Негізі қазақ ауылы ауыз суға жарымай, көпшілігі шөл, шөлейт аудандарда отырған халық. Олардың қажеттілігі осындай санақ кезінде белгілі болады. Сол сияқты дін мәселесінде де кереғар пікірлер көп. Өзге діннің жетегінде кеткендердің сандық көрсеткішін қазірде әркім әртүрлі айтады. Санақ соның нақты дерегін шығарады деген ойдамын. Бұған қоса, халықтың мемлекеттік тілді білу деңгейі де осы арқылы анықталады. Мысалы, Ресей Федерациясы 2002 жылғы санақтан кейін бірден демографиялық ахуалын қатайтты. Екіншіден, Қытаймен шекарадағы аймақтарын мықтап зерттеді. Нәтижесінде ондағы халықтың орналасу тығыздығының төмен екені анықталған. Осыдан кейін Путин ол жерлерге қала саламыз деп жоспар құрып отыр. Ал біз шекаралақ аймақтарымызды иесіз қалдырдық.

 

Түйін

Статистиканың негізгі қызметі - қоғамның қазіргі келбетінен нақты дерек беру. Статистика мамандарынан халық осындай нақтылықты күтеді. Демек, ұлтымыздың жетістігі де, проблемасы мен болашағы да соңғы нүктесі қойылмаған санақтан көрініс табуы тиіс.

 

 

«Нұр Астана» апталығы.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2171
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1791
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1535