Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Билік 5141 2 пікір 19 Сәуір, 2021 сағат 13:51

Ақорда кадрлық ауыс-түйіс жасады

Бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады. Президент Жарлықтары Ақорда сайтында жарияланды. Ол бойынша:

Ерлан Алимбаев

Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ол осыған дейін Қазақстанның Үндістандағы, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымдарын атқарып келген. Енді ол аталған лауазымдардан босатылды.

Ерлан Әлімбаев 46 жаста. Қызылорлда облысының тумасы. 1997 жылдан бері СІМ-де жұмыс істейді. Дипломатиялық карьерасын Азиядағы, Таяу Шығыс пен Африкадағы Елшілік департаменттерінде референт ретінде бастаған. II дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші деген димломатиялық шені бар.

Нурлан Жалгасбаев

Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев тағайындалды.

Нұрлан Жалғасбаев 51 жаста. Ақтөбе облысының тумасы. Қазақстанның Литвадағы, Гүржістандағы, Норвегиядағы, Италиядағы елшіліктерінде түрлі қызметтер атқарған. БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі болған. II дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші деген димломатиялық шені бар.

Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Осыған дейін Қырғызстандағы Елшілікті басқарып келген Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов лауазымынан босатылды.

Маргулан Баймухан Фото: gov.kz

Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы лауазымына тағайындалды.

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымын атқарып келген.

Abai.kz

2 пікір