Жексенбі, 28 Сәуір 2024
2822 1 пікір 19 Сәуір, 2021 сағат 11:53

21 сәуір: Путиннің жолдауы, Навальныйдың митингісі

21 сәуір күні Ресейде екі маңызды оқиға болады. Біріншісі, Владимир Путин Федералдық Кеңеске жолдау жолдаса, екіншісі Алексей Навальныйдың жақтастары Ресей бойынша жаппай митинг ұйымдастырады. Навальный жақтастары митинг ұйымдастыратынын кеше жариялады.  

«Біз сайтымызда 500 мың адамның жиналғанын күтпейтін болдық. Жағдай тез әрі тым қауіпті қарқында өршіп барады. Қазір жылдам шешім қабылдайтын уақыт. Біз митингті қазір жариялап отырмыз», - деді Иван Жданов.

"Ив Роше" абақтысында жазасын өтеп жатқан Навальныйдың денсаулығы нашарлап кеткені жайлы ақпарат тарап, Еуропа елдері алаңдаушылық білдіріп отыр.

Abai.kz

1 пікір