Жұма, 26 Сәуір 2024
4108 0 пікір 9 Сәуір, 2021 сағат 15:02

Ресейде 102 мың адам вирустан көз жұмды

Ресейде өткен тәулікте 402 адам коронавирустан көз жұмған. Бұл туралы Коронавирус бойынша жедел орталық хабарлады. 

Мәскеу қаласында — 57, Санкт-Петербургте — 30 адам індеттің құрбаны болған. Жалпы пандемия басталғалы бері Ресейде вирустан көз жұмғандар саны 102247 адамға жетті. COVID-19 Ресейде осы уақытқа дейін 4,6 млн адамнан анықталып, оның — 4,2 млны емделіп шыққан. Дәрігерлердің бақылауында 499414 науқас бар.

Abai.kz

0 пікір