Сенбі, 27 Сәуір 2024
Алаң 11745 14 пікір 3 Сәуір, 2021 сағат 22:55

Қазақстандағы Қытайлардың саны қанша?

«Алаш жолы» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Мақсат Ілиясұлы өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа сұрақ қойыпты. Біз Мақсат Ілиясұлының аталған сауалын сайтта жариялағанды жөн көрдік.

ҚР Ішкі істер министрі
Е.З.Тұрғымбаевқа!

Құрметті Ерлан Заманбекұлы!

ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңының 8, 9, 10 баптарына сәйкес мына сұрақтарға ресми жауап беруіңізді сұраймын:

1. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бергі уақытта (соңғы 30 жылда) Қытай мемлекетінен Қазақстан Республикасына тұрақты қоныс аударып, Қазақстанның азаматтығын алған этникалық Қытайлардың нақты саны қанша?

2. Оның ішінде 2016 жылдан бері Қытай мемлекетінен Қазақстан Республикасына тұрақты қоныс аударып, Қазақстанның азаматтығын алған этникалық Қытайлардың нақты саны қанша?

Сұрақ қоюшы:

Мақсат Ілиясұлы Нұрыпбай,

«Алаш жолы» қозғалысының жетекшісі

Abai.kz

14 пікір