Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
1961 0 пікір 27 Наурыз, 2021 сағат 16:47

Батыс Сахарадағы қазақстандық әскери-бітімгерлер не істеп жатыр?

Біріккен Ұлттар Ұйымының Батыс Сахарадағы бітімгерлік миссиясына Қазақстан Қарулы күштері де қатысып жатқаны белгілі. Олар БҰҰ бақылауымен Батыс Сахарада референдум өткізу жөніндегі миссияны атқаруда. Жуырда аталған бітімгерлік миссияға қатысып жатқан Қазақстан Қарулы күштерінің әскерилері, офицерлері жасақ құрамын алмастырды. Бұл туралы «Abai.kz» ақпараттық порталы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жаңа құрамда үш офицер бар. Олар: Подполковник – Уәлихан Байкенов, подполковник – Сәбина Мұрзалинова және капитан – Дәурен Сәдуақасов.

Жаңа құрамдағы офицерлер осыған дейін Батыс Сахара миссиясында бір жылға жуық бітімгерлік жұмыстар орындаған подполковник – Арман Омаров, подполковник – Ернар Аманиязов пен капитан Римма Шәкееваны алмастырған.

Қорғаныс министрлігінің айтуынша, Батыс Сахара бітімгерлік миссиясына жіберілмес бұрын қазақстандық әскерилер тыңғылықты дайындықтан өткен. Олар бір айға жуық сол елдегі жағдайды, географиялық ландшафтары мен бітімгерлік миссиясының міндеттері, ерекшеліктерін тұтастай зерттеген. Енді қазақстандық әскерилер 30-дан тастам өзге мемлекеттердің өкілдерімен бірге бітімгерлік миссияларын орындайтын болады.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі БҰҰ Батыс Сахара бітімгерлік миссиясынан Қазақстанға қайтып оралатын офицерлердің жұмысына қатысты пікір білдіріпті.

«Бітімгерліктен елге оралған қазақстандық әскерилер миссия жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып, өздерінің жоғары білікті маман екендіктерін көрсетті», - дейді Қорғаныс министрлігі.

Нақтылап айтқанда, ҚР Қаулы күштерінің подполковинигі Арман Омаров миссия кезінде ұшу қауіпсіздігі техникасы мен олардың жұмысын үйлестіруге жауапты болған. Осы бір жылға жуық уақыт ішінде подполковник Омаров дағдарысты жағдайда көрсеткен кәсібилігі мен бастамасы үшін бітімгерлік миссия қолбасшысынан Алғыс хат алған.

Ал подполковник Ернар Аманиязов бітімгерліктегі соңғы жеті айға жуық уақыт бойы миссия қолбасшысының логистикаға жауапты аға әскери кеңесшісі қызметін атқарған.

Ол миссия кезінде бірнеше мәрте материалдық және техникалық қамтамасыз ету мен жоспарлау ісіне қатысқан. Миссия жұмысы түрлі қиындықтарға тап болғанда, өзінің ұсыныс-пікірлерін айтып отырған. Нәтижеде бітімкерлік миссия командалары Аманиязовтың ұсыныстарын дұрыс әрі негізді деп қабылдаған.

Қазақстан Қарулы күштерінің тағы бір өлкілі, капитан – Римма Шәкеева әскер қатарындағы әйел қызметкерлердің ітімгерлік миссиясының түрлі кезеңдерінде һәм барлық салаларында, тіпті күрделі әскери жағдайлар кезінде де ер азаматтармен қатар деңгейде қызмет атқара алатынын және бір мәрте дәлелдеген.

Римма Шәкеева БҰҰ Батыс Сахара миссиясындағы өз қызметін бітімгерлік базасының операторы ретінде бастаған. Нақтылап айтқанда, патрульдерді жоспарлауға жауапты болған. Кейін, миссияның бас штабы жанындағы арнайы бөлімге ауыстырылған. Онда Римма Шәкеева миссияға келген офицерлерді, жаңа бітімгерлерді даярлау жұмыстарына қатысып, өзінің кәсіби дәрежесін көрсеткен.

Ақпарат үшін айта кетейік, қазіргі таңда БҰҰ-ның Батыс Сахара бітімгерлік миссиясында Қазақстан Қарулы күштерінің әскери барлау қызметінде бес қазақстандық офицер жұмыс атқаруда. Олар бітімгерлік миссиясына қарусыз қатысады және қақтығысушы тараптардың ешқайсысын қолдамайды, бейтарап позиция ұстанады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1650
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1581
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1322
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1267