Жексенбі, 19 Мамыр 2024
4434 4 пікір 1 Сәуір, 2021 сағат 13:18

Қарағандыдағы патрон шығаратын зауыт сатылады

Құрылысына 28 миллиард теңге жұмсалған Қарағандыдағы патрон шығаратын зауыт жекенің қолына берілмек. Бұл туралы malim.kz сайты хабарлады. 

2016 жылы құрылысы басталып, араға төрт жыл салып, 2020 жылдың мамырында ашылған “STEEL MANUFACTURING” Қарағанды патрон зауыты сатылымға қойылды. Рrivatization.gosreestr.kz сайтында зауыттың 95 пайызы жекенің қолына берілетіні жөнінде жазылған.

Зауыттағы патрондарды шығару үшін тек қана отандық шикізат пайдаланылады деп айтылғанымен, қажетті бөлшектердің басым бөлігі өзге елдерден келеді екен. 164 адамға жұмыс беруі тиіс болған зауытта қазіргі таңда 64 адам ғана жұмыс істеп жүр. Зауыттың табыс тарихы да қызық. Мысалы 2020 жылы зауыт 132 миллион теңге табыс тауып, шығындарына 245 миллион теңге жұмсаған. Яғни өткен жылы 113 миллион теңге шығынға ұшыраған деп нақты айтуға болады.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661