Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
6978 1 пікір 29 Наурыз, 2021 сағат 13:12

Алмасадам Сатқалиев жайлы не білеміз?

Бүгін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорына жаңа басшы тағайындалды. Басшылық тізгіні Алмасадам Сатқалиевке табысталды. "Самұрық-Қазына" еліміздегі ең ауқымды әрі қаржылық салмағы басым қор. 

Алмасадам Сатқалиев 1970 жылы, 31 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін "механик, математик" мамандығы бойынша бітірген. Кейіннен Назарбаев Универститетінде жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд Университетінде жоғары бизнес мектебін аяқтаған. Экономика ғылымдарының докторы.

1997-2001 жылдары "ҚазТрансОйл" компаниясында менеджер, департамент басшысы, вице-президент сынды түрлі қызметтерді атқарған.

2001-2006 жылдары "KEGOC" компаниясында қаржы директоры және басқа қызметтерде болды.

2006 жылдың желтоқсанынан электроэнергетикалық қорларды басқару бойынша АҚ «Қазақстанның мемлекеттік қорды басқару холдингі» «Самрұқ» директоры қызметінде болды.

2007 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрлігінің орынбасары қызметін атқарса,
2007 жылдың кыркүйегінен, 2008 жылдың қазанынан АҚ «Қазақстандық «KEGOC» электр желілерін басқару компаниясының» президент әрі алғашқы вице-президенті қызметінде жұмыс істеді.

2009 жылдың желтоқсанынан «Қазақстандық «KEGOC» электр желілерін басқару компаниясының» басқарма төрағасы болды.
2011 жылдың маусымынан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚАҚ басқарушы директоры, 2012 жылдың қаңтарынан АҚ «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасы болып жұмыс жасады.

2015 жылдың маусымынан коммерциялық емес «Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық-зерттеу университеті» АҚ тәуелсіз директоры лауазымында болды.

2011-2018 жылдары сондай-ақ   "Самұрық-Энергода" директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

2018 жылдан бүгінгі күнге дейін "Самұрық -Қазына" қорының активтерді басқару басқармасының директоры болып келді. Бүгіннен бастап Самұрық Қазынаның басшылығы қызметінде.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1650
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1581
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1322
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1267