Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2402 0 пікір 9 Сәуір, 2012 сағат 04:47

Махан Бет. Моноқалаларды дамыту маңызды болғанмен, тиімсіз...

Жаңаөзен оқиғасы елдегі саясатты ширықтырып қойған жоқ, экономикалық басымдықтарды қайта қарауға мәжбүр етті, тіпті, саяси лексиконда «моноқала» термині пайда болды. Нәтижесінде елбасы үкіметке моноқалаларды дамыту жөнінде арнайы бағдарлама түзуді тапсырды. Бұл жағдай саяси элитаның «өрт сөндіру» синдромы бойынша ел басқару дәстүрін жалғастырып отырғанын білдіреді. Бұған дейін Қызылағашты сел баспағанда, ел аумағындағы су айдынын мемлекет бақылауға көшпес еді. Демек, бізде әлікүнге мемлекетті тұрақты тактикалық  тетіктермен басқару мен мемлекеттік мәселелерді алдын ала айқындауға «басқарылмалы демократияға» негізделген мемлекеттік  құрылым қалыптасып болмапты.

Жуырда моноқалалар мәселесі бойынша баян­дама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Бақыт­жан Сағынтаев осы жөнінде бағ­дарлама әзірленіп жатқандығын жеткізді. Бұл бағдарламаның басты мақсаты моноқалалардың тұрақты әлеуметтік-экономи­ка­лық даму жолдарын анықтау және соған сәйкес тиісті шараларды айқындау болып табылады.

Баяндамада көрсетілгендей, елімізде 1,5 миллион ха­лық белгілі бір саладағы жеке кәсіпорынның арқасында өмір сүретін шағын қалаларда тұрады екен. Бұл Қазақстандағы қала халқының 16 пайызын құрайды. Баяндамашы әзірлену үстін­дегі бағдарламаға 27 қаланың іріктелгенін тілге тиек етті. Бұл қалалардың барлығы­ның ортақ проблемасы - олардың тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі көбінесе бір кәсіпорынның жағ­дайына тәуелді екендігі. Яғни, моноқалалар экономикасы әр­та­рап­тандырылмаған, тірлігі алуан шаруашылық пен өндіріске негізделмеген.

Болашақ моноқалаларды дамыту бағ­дар­ламасы негізінен осы қала­лар­дағы шағын және орта биз­несті дамытуға назар аудартпақ. Бұл қалалардағы кәсіп­керлікті қол­дауға «Бизнестің жол картасы- 2020», «Жұмыспен қам­ту-2020» бағдарламаларының бар­лық те­тік­те­рі пайдаланылмақ. Сонымен қа­тар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шең­берінде қа­ла­лардағы кәсіп­кер­лікті дамыту­дың қосымша ша­ра­ларын әзірлеу ұсынылмақ.

Моно­қа­ла­лар­да­ғы кә­сіпкерлік субъек­тілер үшін салық көлемін төмендету, несиелердің сыйақы ставкаларын төмендету, бұлардағы жаңа өндіріс­терді құру үшін ондағы тұрғындарға 1,5-3 миллион теңге көлемінде арнаулы гранттар беру секілді мәселелер бар. Министрдің айтуынша, қазір­гі күні елімізде қолға алын­ған индус­триялық-инновациялық даму бағ­дар­ламасының және «Биз­нес­тің жол картасы-2020» бағ­дар­лама­сы­ның аясында 20 моно­қала бойынша 114 жоба іске асырылуда екен. Үкімет басшысының айтуынша, үстіміз­де­гі жылы моноқалаларды қол­дау­ға 20 миллиард теңге бөлінбек.

Бір қарағанда, бұл мемлекеттік күрделі мәселелердің бірі болып көрінгенімен және оны шешуге кіріскен үкіметті қолдамау  саяси қылмыс секілді болғанымен, аталмыш жайт елдегі кешенді және біртұтас шешілуге тиіс қомақты мәселенің бір бөлшегі ғана. Шын мәнінде моноқалаларды олардың маңындағы радиусы кемінде 100 шақырымда орналасқан ауылдар мен кенттердің мәселесімен бірге қарастырмау - елдің сипаты мен мемлекеттік мәселені тар ауқымда қараудың нағыз мысалы болып табылады. Шын мәнінде елдің 16 пайызын қамтыйтын моноқалалар тұрғындарына кемінде 9 пайыз сол қала маңайындағы ауылдықтарды қоссақ, халықтың төрттен бірінің мәселесін бірден шешуге болар еді. Бірақ бұған елдің аумақтық-әкімшілік бөлінісінің мемлекеттің жаңаша дамуына сәйкеспейтінін көрсетеді. Яғни, моноқалалардың экономикасын әртараптандыру үшін олардың маңайындағы аумақтарды қосып, оларға аудан орталықтары ретінде болмаса арнайы даму аймағы есебінде мәртебе беріп, моноқалаларды сол аумақты дамыту кіндігі еткен әлдеқайда тиімді болар еді.

Шынтуайтында, бұған дейін қабылданған қыруар салалық бағдарламалар ешбір тиімділігін көрсеткен емес, олар бар болғаны салалық менменсу мен өзімшілдікпен шектелетін және қаржыны нәтижесіз шығындаудың бір түрі ғана әрі коррупцияның «тиімді» көзі екені белгілі. Себебі, ол қаржыны бақылайтын қоғамдық не халықтық тарап жоқ, шенділер мен лауазымдылардан құралған өтірік комиссиялар «үлгілі» хаттама толтырғаннан басқа жемқорлықтың қылын да қыйсайта алмайды.

Осыдан үш жылдай бұрын қысқаруға түскен сол үкіметтік  және мемлекеттік бағдарламалар тағы да елдің мәселесін желеу етіп, қайта балалай бастады. Соның бірі -моноқалаларды дамыту бағдарламасы болып отыр. Бір қызығы, бір мемлекеттің ақшасы бір аумақта тұратын моноқала тұрғыны мен содан 1 шақырым қашықтағы екі сиыры мен бес ешкісі бар қыстақтың тұрғынына екі түрлі қарайтын болады. Ал егер біз айтқандай бағдарламаны кеңірек әрі мәндірек еткенде, әлгі моноқалалардың айналасында қаншама жылыжайлар мен бау-бақша жайқалып, нешеме қасапханалар мен түрлі ұсақ ауылшаруашылық,тіпті, туристік кәсіпкерліктерге жол ашылар еді де, соның есебінен азық пен қызмет ету түрлері арзандар еді.

Өз мемлекетінің сипатын танымайтын шенділер Америка мен Еуропадағы моноқалаларды дамыту құжатын бас салып көшіруге асығуы - олардың елге жаны ашымайтынын болмаса елін қалай тиімді дамыту жолын білмейтінін көрсетеді. Біздің бұл пікіріміз үстірт дегеннің өзінде, әлгі елдердегі қабылданған құжаттардың қоғамдық ойталастың негізінде қабылданатынын ескермейтін есуас саяси шешімдер елді де, оның мемлекеттік бюджетін де титықтатып отыр.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2185
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2496
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1679