Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2552 0 пікір 7 Сәуір, 2012 сағат 10:03

Жұмамұрат Шәмші. Адамзат және атом

1935 жылы А. Гитлер жебірей ұлт өкілдеріне жақсылықпен Германияны тастап көшулерін талап етті, егер кімде-кім осы бұйрықты орындамайтын болса, аяусыз өлтіретінін айтты. Альберт Эйнштейн жебірей ұлты болғандықтан, АҚШ-қа қоныс аударғандардың бірінші легінде болды.

А. Эйнштейн 1940 жылы АҚШ президенті Франклин Рузвельтке «Германия уранды Бельгиядан алып, атом қаруын жасау алдында тұрғанын жеткізеді, кейінірек Германияға жүріп жатқан соғыс бөгет болғаны белгілі». Манхэттен жобасы деген атпен 2 миллион доллар қаражатты арқалап Нью-Мексика штатының суы жоқ тақыр шөл даласына 1942 жылы ядролық орталық құрылады. Тынымсыз ғылыми тәжірибенің арқасында 1945 жылдың 16 шілдесінде таңғы 5:29:45-те алғашқы сынақ жасалды. Осылайша, атом дәуірі басталды.

1935 жылы А. Гитлер жебірей ұлт өкілдеріне жақсылықпен Германияны тастап көшулерін талап етті, егер кімде-кім осы бұйрықты орындамайтын болса, аяусыз өлтіретінін айтты. Альберт Эйнштейн жебірей ұлты болғандықтан, АҚШ-қа қоныс аударғандардың бірінші легінде болды.

А. Эйнштейн 1940 жылы АҚШ президенті Франклин Рузвельтке «Германия уранды Бельгиядан алып, атом қаруын жасау алдында тұрғанын жеткізеді, кейінірек Германияға жүріп жатқан соғыс бөгет болғаны белгілі». Манхэттен жобасы деген атпен 2 миллион доллар қаражатты арқалап Нью-Мексика штатының суы жоқ тақыр шөл даласына 1942 жылы ядролық орталық құрылады. Тынымсыз ғылыми тәжірибенің арқасында 1945 жылдың 16 шілдесінде таңғы 5:29:45-те алғашқы сынақ жасалды. Осылайша, атом дәуірі басталды.

1945 жылдың 6 тамызда Жапонияның Хиросимо мен Нагасаки қалаларына екі атом бомбасы тасталып, күлін көкке ұшырды, соның нәтижесінде 450 мың адам құрбан болып, 250 мың адам түрлі жарақат алды. Қаладағы 98 мың ғимараттың 62 мыңы тас-талқаны шықты. АҚШ президенті Г. Трумэн атом қаруын қолдану жөнінде алғаш жарлық берген саяси басшы ретінде тарихта алтын әріптермен қалды. Жапонияға тасталған атом бомбалары әлемді дүр сілкіндірді, АҚШ осылай әлемнің бірден-бір қожасы атануға тырысып бақты. Ол үшін ең басты қарсыласы КСРО-ны жоқ қылу жоспарына кірісіп кетті. Осы мақсатта 1945 жылы америкалық атом бомбасының жетекшісі, генерал Л. Гровса «Манжурия мен Ресейдің өнеркәсіптік аудандарының стратегиялық картасы» деген атпен құпия құжат дайындады.

Құжатқа КСРО-ның 15 қаласы енді. Арада үш жыл өткенде, яғни, 1948 жылы Пентагон КСРО-ға ядролық соққы берудің жаңа «Чариотир» жобасын әзірледі. Бұл жоспар бойынша 70 қаланы жермен-жексен ету көзделген. Алайда, бұл жоспар жүзеге асу үшін дайындық әлі де жеткіліксіз еді. Сондықтан АҚШ атом бомбасын көбейту үшін қомақты қаржыны осы салаға үйіп-төкті. 1949 жылы АҚШ «Дропшот» жобасын ойлап тапты. Жоба бойынша, шамамен 360-530 миллионға жуық адам бір мезгілде қаза табуы тиіс екен. Кеңес елінің 200 қаласына атом бомбасы тасталуы тиіс еді және соған атом бомбасын жеткізе алатұғын стратегиялық ұшақтар сақадай сай тұрды. Бірақ Құдай сақтап, АҚШ басшылары бұндай қадамға баруға бір-бірімен келіспей қалды. 1960 жылы АҚШ президентінің орнына Джон Кеннеди «жобаны жарамсыз, ақылға сыйымсыз» деп кері қайтарды. 1962 жылы Никита Сергеевич БҰҰ-да сөз сөйлеп тұрып, аяқ киімін шешіп, мәртебелі мінберді ұрып тұрып «Я вам покажу кускины мать» дегенін халық ұмыта қойған жоқ. Н.С. Хрущев осылай ерлік жасағанын қазіргі ұрпақтың біреуі білсе, біреуі білмес. Содан АҚШ әскерилері қаймығып, аяғын тартты.

Әлбетте, КСРО басшылары да қол қусырып қарап отырған жоқ. 1945-47 жылдар аралығында АҚШ атомшыларының арасында неміс коммунисі Клаус Фукс жұмыс істеді, КГБ оны ұстап сүзгіден өткізіп, бес құпия дерек алған. Соның арқасында КСРО 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонында атом бомбасын жарып, сынақтан өткізді.

Содан бастап КСРО жылына 20 атом бомбасын жасап шығаратын зауыттың құрылысын бастап жіберді. Солай АҚШ пен КСРО-ның арасында жаппай қаруланудан және атом бомбасының көптігі жағынан бәсеке, жарыс басталып кеткен. 1975 жылы КСРО 2540 зымыран және оған 4 мың оқтұмсық жасап Вашингтонға қыр көрсетті. Осылайша, 1991 жылы КСРО-ның ыдырауымен екі алпауыт елдің қарулану жарысы аяқталды. Ядролық қаруы өте көп екі ел енді қолда бар дүниені қысқартуға көшті. Бұл да жақсылықтың нышаны еді.

Жуықта Оңтүстік Кореяда өткен ядролық қарулануға қарсы өткен басқосуда Америкалық әріптесіне бойтұмар сыйға тартқан Қазақ президенті екі ел арасындағы саяси, экономикалық қатынастарға, әсіресе ядролық қауіпсіздік, Ауғанстан проблемалары, кәсіпкерлік, инвестиция мәселелерін нығайтуға мүдделік танытты.

АҚШ президенті Барак Обама әлем мемлекеттерінің басшылары мен жұртшылығына Қазақстан өнегесімен жүруге шақырып, президент Н. Назарбаевтың полигонды жауып, ядролық қарудан бас тартуда айрықша көшбасшылық көрсеткенін атап өткені жөнінде айта келіп, бүгінде бүкіл әлем қауымдастығы жаһандық ядролық қатерді азайтуға және ядролық сынақтарға баршаға ортақ тыйым салу шартын іске асыруға деген ерік-жігерін танытып отырғанын атап көрсетті. Сеулдегі екінші рет өткізіліп отыр, (біріншісі 2010 жылы Вашингтонда қаласында ұйымдастырған болатын) ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің кеңейтілген 50-ден астам елдің өкілдері отырысында осылай ядролық қару-жарақтың әлемдік қорын азайту туралы мәселе көтерілді. Ылайым солай болғай.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2193
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2581
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2504
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1680