Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2329 0 пікір 6 Сәуір, 2012 сағат 14:15

Алматыда «Жұлдыздар аллеясы пайда» болады

Алматыдағы Мәдениет жылына  орай қаланың орталығында «Жұлдыздар аллеясы пайда" болады.

7 сәуір күні Республика сарайының жанына еліміздің еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері ағаш отырғызатын болады.

Ағаш отырғызу акциясына танымал мәдениет қайраткерлері, КСРО мен ҚР-ының халық және еңбек сіңірген әртістері - Бибігүл Төлегенова, Роза Жаманова, Ермек Серкебаев, Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев, Ескендір Хасанғалиев, Сара Тыныштығұлова, Нина Жмеренецкая, Владимир Толоконников, Жәния Әубәкірова, Нұржамал Үсембаева, Лаки Кесоғлы, Роза Рымбаева, Гүлвира Разиева, Меруерт Өтекешева мен өзге де жұлдыздар,  сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысады.

Шара барысында барлығы 26 шырша отырғызу жоспарлануда.

Бұл күні мектептер айналасына, үйлердің аулалары мен магистральді көшелердің жиектеріне барлығы  2 мыңнан астам жаңа ағаш отырғызылады.

Бұған дейін хабарланғандай, 7 сәуір күні Алматыда көшелерді, аулаларды, көпшілік жиналатын жерлерді, арық жиектері мен жағалауларын, өзен арналарын санитарлық тазарту бойынша жалпықалалық сенбілік өтеді.

Алматы қаласының әкімдігі барлық қала тұрғындарын, кәсіпорындар мен мекемелер ұжымдарын жалпықалалық сенбілікке бір кісідей қатысуға үндеуде.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1944
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2187
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1802
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1539