Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
2939 0 пікір 23 Наурыз, 2021 сағат 12:54

Ресей вакцинасының тағы 4 млн дозасын аламыз

Қазақстанға «Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасының қосымша 4 млн дозасын жеткізіледі. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесу барысында айтылды.

Кездесу барысында COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемияның салдарын жою бойынша бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

«Вирустың таралуын жеңу үшін біздің елдеріміздің күш–жігерін, оның ішінде халықты жаппай вакцинациялау мәселелерінде үйлестірудің жоғары деңгейі қажет», - деп атап өтті Асқар Мамин.

Айта кетейік, кеше ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен, сондай-ақ Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен келіссөз өткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1685
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1639
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1371
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1304