Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2319 0 пікір 6 Сәуір, 2012 сағат 05:29

Жазылған жайдың жаңғырығы («Дабыл қағуларыңызды сұраймын» мақаласына орай)

«Дабыл қағуларыңызды сұраймын» (http://old.abai.kz/content/dabyl-kagularynyzdy-syraimyn 02.04.12.) мақаласына орай

«Күршім ауданы, Теректі ауылы» деп отырғаны бұрынғы Марқакөл ауданының орталығы - Алексеевка ауылы ғой. Ал ана тоналған азамат - оралман болар. Осы материалға жазылған комменттен: «Табылмайды. Ол сол жердің жігіттері емес, сырттан келіп сыпырып алушылар»,-деген жолдарды оқып ойланып қалдық. Ешқандай да «Сырттан келіп сыпырып алушылар» емесі айдан анық.

2000-шы жылдардың бас кезінде осы ауылда жантүршігерлік бір оқиға болды. Жергілікті екі қарақшы (азамат, жігіт деуге ауыз бармайды) осы ауылда өзі дәрігер, өзі кәсіпкер азаматтың отбасын түн кезінде жайратып кетеді. Бұл қайғылы оқиғаны баяндаудың өзі ауыр, сондықтан тәптіштемей-ақ қоялық. Әлгі қарақшылардың дәті беріктігі соншалық, марқұмды әйелімен бірге жерлеген кезде  топырақ салған халықтың ішінде бірге болған. Кейін бұлтартпас айғақпен ұсталып, сотталды. Мына қарақшылық  сол қиямет оқиғаны есімізге түсіріп отыр.

1985-шы жылдары, Кеңес Одағы мен Қытайдың шекарасының үстінен құс ұша алмай тұрған шақта сол берік шекарадан Қытай жақтан бір қашқын бері өтіп, шекара маңында отырған малшының жанұясын кепілге алып, отағасын атып өлтіріп елді бір дүрліктірген. Ол енді қытай еді...

Қытайдың шекарасынан небәрі үш-ақ шақырым жерде орналасқан бұл ауыл «капитализм» келген тоқсаныншы жылдарға дейін керемет әсем, көркі келіскен ауыл еді. Араға жылдар салып осы ауылға келгенде, нарық халықты байытқанды қойып, кемі қырық жылға кейін лақтырып тастағанын көріп жағамды ұстадым.

Қуандық Шамақайұлы кеше осы сайтта жазғандай, «Социализм тұсындағы 80-ге жуық жылда жиған-тергендерін   20 жылдың ішінде құртып тынған» деген осы болса керек! Ақ уыздай ұйып тұрған Алексеевкаңыздан береке кетті. Осы жылдардың ішінде ештеңенің парқын білмейтін парықсыз ұрпақ өсіп шықты. Естуімізше, оралмандардың отбасылары көрген мұндай құқай жалғыз емес. Бұған дейін де осыған ұқсас оқиғалар болған.

1997 жылғы аудандарды «оңтайландырудың» кесірінен осы ауданда 90-шы жылға дейін тұрып келген 30 мыңға жуық халықтың 20 мыңы қалаға қарай тым-тырқай қашты.Ауданды шекарадан ішке қарай 180 шақырым жердегі Күршімге қосты.

Елдің ішіндегі бір белгісіз қастықшыл күштер әдейі жасағандай, Қытаймен екі арадағы шекара жап-жалаңаш, ашық-шашық қалды. Ашық-шашық қалған соң ғой, былтыр жазда шекараның арғы жағынан асып келген ондаған (!!) қытайлықтар әкелерінің үйінде жүргендей, әсем Марқа көлінің маңындағы тамырының дәрілік қасиеті керемет шұғынық гүлді түк қалдырмай жиып, жер қыртысын қопарып кеткені.

Естуімізше, Марқакөлге келіп қоныстанған оралмандардың көбінің ана замандағы ата-жұрттары осы ауданда болғандықтан да, ата-бабасы тұрған қонысты таңдаған. Кәсіптерін шырқ үйіріп, азайып кеткен мал басын көбейткен. Көкөніс өсірумен шұғылданған. Енді осылайша туған жер, туған елін аңсап келген қандастарымызды бықпырт  тигендей сабап,  тонап  жатсақ, онда біздің ұлт ретінде арғы күніміздің қараң болғаны.

Қысқасы, мына қылмысты жедел ашып, істі сотқа тапсыру, қорытындысын  бүкіл халыққа жария ету - құқық қорғау органдарының ел алдындағы міндеті мен парызы болмақ. Бұл жәйтті БАҚ («Абай.кz») міндетті түрде  бақылауында ұстап отыруы керек.

Сабыр, Өскемен қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2435
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2016
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1586