Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3426 0 пікір 5 Сәуір, 2012 сағат 12:29

Қазақ қайырымсыз елге айналып бара ма?

Жуырда халықаралық Gallup компаниясы сауалнама жүргізіп, әлем елдерінің қайырымдылық көрсетудегі белсенділігінің 2011 жылғы рейтингісін құрап шыққан болатын. Сауалнама жұмысына 153 елден 150 мыңға жуық респондент жауап берген. Бұл жұмыс аталған тақырыптағы осы күнге дейінгі еңбектердің ішіндегі ең ауқымдысы болып отыр. Нысанаға алынған 153 елдің ішінде Қазақстанға 110-орын беріледі.

Қазақстандықтардың 12 пайызы ғана өзінің табысынан тұрақты түрде қайырымдылық жасап тұруға, 25 пайызы ерікті түрде көмек көрсету шараларына атсалысуға, 39 пайызы кездейсоқ жағдайларда өзгелерге қол ұшын беруге дайын екендігін көрсеткен.

Тарихшыларымыз бен жазушыларымыз, этнографтарымыз «Қазақ халқы - табиғатынан жомарт халық» дегенді жиі айтады. Расында, қазақтың жомарттығын дәлелдейтін деректер жетіп-артылады. Алайда мұны өткен шақтың құндылығына жатқызғанымыз дұрыс болар. Қазақтың бойындағы сол дарқандықтың бүгінгі күні жұрнақтары ғана қалғанын жоғарыдағы рейтингіден байқауға болады. Әлемдік рейтингіні былай қойғанда, Орталық Азиядағы ең сараң халыққа айналыппыз. Өзімізше, «саудагер, сараң» деп жүрген тәжік, өзбек сынды халықтар аталған тізімде 41-інші, 46-орында тұр. Ал түрік-мендер әлемдік рейтингіде 14-орында көрсетіліпті. Кедей ел атанып жүрген Қырғызстан азаматтары да қайырымдылық көрсетуде бізден анағұрлым ілгері жатыр: 74-орын.

Ендеше, қазақтың осындай күйге түсуінің себебі неде деген сұрақ туындайды. Біздіңше, оған бірнеше негіз бар. Алғашқысы - КСРО қалыптастырған менталитеттен ажырай алмай отырмыз. Кеңес Одағы кезінде қайырымдылық шараларды мемлекет өз қолына алды. Мысалы, Ленин атындағы балалар қоры, Әдебиет қоры, Көркемөнер қоры, КСРО-ның мәдениет қоры секілді мекемелер белгілі бір саладағы кемшілікті мемлекеттік деңгейде шешуге бағытталды. Қайырымдылық көрсетуді мемлекет өз қолына алғаны былай тұрсын, жекелеген адамдардың өзгелерге қамқорлық жасауына тыйым салынды. Тіпті мешіттер мен шіркеулердегі садақаның өзіне шектеу қойылды. Ашаршылық жыл-дары 2 миллиондай қазақ қырылып жатқанда, оны сырттағы елдер де естиді. Тарихи деректерге сүйенсек, қазақтарға Еуропа тұрғындары жанашырлық танытып, азық-түлік жіберген екен. Алайда қайырымдылық көрсетудің астарынан «буржуазиялық құбылыс» көретін қызыл билік оны КСРО-ның қақпасынан кері қайтарып жібереді. Яғни сол заманда басталған осы үрдіс 70 жылдың ішінде қазақтың бойына да сіңіп үлгерді. Отарлықтың езгісін ең көп сезінген халық қазақтар екені жиі айтылады. Демек, көрші-қолаң, туыстас елдердің арасындағы ең сараң елге айналып отырғанымыздың да себебі осы шығар. Қит етсе - мемлекеттен көмек күтіп отыратын әдетіміз, ал кәсіпкерлер мен дәулетті адамдардың «сен тимесең, мен тимен» дегендей, сырттан ғана бақылап отыра бе-ретіні сол коммунистік принциптердің қалдығы болар.

Қазақстандықтардың қайырымдылық шараларына деген селқостығының екінші себебі сенімсіздіктен туындайды. Қайырымдылық қорларға салынған ақшаның қаншалық тиімді пайдаланылатыны, тиімділікті былай қойғанда, жемқордың қалтасына кетіп қалмайтынына кепілдік жоқ. Қорлардың жұмысы көп жағдайда ашық емес.

Дамыған елдерде кәсіпкерлердің өздері қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға мүдделі болып тұрады. Өйткені оларда қайырымдылықпен айналысқан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдік қарастырылған. Жалпы, мұндай үрдіс бізде де бар. Мәселен, Қазақстанда игілікті шараларға атсалысқан компаниялардың мемлекетке төлейтін салығының 3 пайызы шегеріледі. Меніңше, салықтық мөлшерлемені бұдан да төмендетуге болады. Айталық, Америкада қайырымдылық істерін қаржыландырған ком-пания жалпы төлейтін салығының 10 пайызынан босатылады. 3 пайыз ғана салықтан босатылу ірі компаниялар үшін қомақты қаржы болып саналады. Ал шағын және орта бизнес үшін бұл соншалықты қомақты сома емес. Сондықтан шағын және орта бизнес өкілдері мұндай жеңілдікке қызыға бермейді. Ал 10 пайыздық жеңілдік болса, олардың қайырымдылық істерімен айналысатынына сенімдімін.

Асқар ТАЛҒАТҰЛЫ, Қайырымдылық қорлар қауымдастығының төрағасы:

- Шынын айтуымыз керек, қазіргі таңда көпшілік қайырымдылық қорларының жұмысына сене бермейді. Өйткені кезінде көптеген қайырымдылық қорлары өздерінің міндетін дұрыс атқармай, халықтың сеніміне селкеу түсірді. Бірақ қазір жағдай өзгеріп жатыр. Еліміздегі қорлар көптеген жұмыс атқарып, көмекке мұқтаж жандарға барынша қол ұшын созып келе жатқаны белгілі. Қазіргі таңда қайырымдылық қорлары мен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын реттейтін заңды жетілдірудің мәні зор деп есептеймін. Біздің елімізде де қайырымдылық жасау қазақ қоғамының тұтасқан бір бөлшегіне айналуы керек. Қазіргі заманда қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға үлкен күш-жігер қажет. Кәсіпкерлерге қайырымдылық іс-әрекеттерінің қоғам үшін маңызы зор екенін түсіндіру өте қиын. Дегенмен ілгерілеу бар. Қазір еліміздегі ірі компаниялар қайырымдылық шарасын өткізуге жыл сайын қаржы бөліп отырады. Бір қызығы, компаниялар өздерінің қомақты қаржысын қай бағытқа жұмсауды жетік біле бермейді. Қоғамдық өмірге байыппен қарасаңыз, компаниялар бірінші кезекте жетім балалар үйіне қаржы бөліп жатады. Жетім-жесірге көмектесу өте орынды іс екені даусыз. Бірақ қоғамда халықтың мүддесін көздейтін бұдан да шетін мәселелер бар ғой.

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:

- Қазақтардың қайырымдылығы, қамқорлығы, өзге біреулерге қол ұшын беру қасиеті - тарихта қалып қойған мінез. Біз бәрінен өткен қайырымды, бәрінен өткен жанашырмыз деп өзімізді-өзіміз жұбатқанды жақсы көреміз.

Мысалы, егер біздің шенеуніктеріміз бизнес компанияларды қайырымдылық жасауға мәжбүрлемеген болса, біз Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсете алмас едік. Өкінішке қарай, біз осы елдің азаматтары ретінде, қоғам ретінде белсенді емеспіз, игі істер үшін басқосуға келгенде  самарқаумыз. Ал Гаити мен Африкаға қайырымдылық жасауды мүлде айтпай-ақ қояйық.

Сәкен КӨКЕНОВ

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір