Сенбі, 4 Мамыр 2024
4568 2 пікір 18 Наурыз, 2021 сағат 11:51

17 жастағы қазақстандықты Гарвард оқуға шақырды

Алматы қаласының тұрғыны 17 жастағы Дильназ Камалованы Гарвард университеті ресми түрде оқуға шақырды. "Ақылды кесте" жобасын патенттеген Дильназ "машина құрастыру инженериясы және компьютерлік технологиялар" мамандығы бойынша білім алмақ.  

Дильназ НЗМ мектебінің 12-сыныбында оқиды. Дильназ ойлап тапқан "Ақылды кесте" арқылы адам қашан дәрі қабылдағанын ұмытпайтын болады. Жоба есте сақтау қабілеті нашар жандар мен  Альцгеймер ауруына шалдыққандарға көмектесу мақсатында жасалған. "Ақылды кесте" үнемі дәрі қабылдауға тиіс жандар үшін көмекші құралға айналады.

2020 жылы Дильназ патенттеген "Ақылды кесте" Google Science Fairдың "Үздік 20 идея" топтамасына енген. Соның арқасында Дильназ Googleдың  Калифорниядағы штабына барып келді.

Дильназ бұған дейін «Teco» мобильді қосымшасын жасап шыққан еді. Ол экологияны сақтауға шақыратын ойын түрі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1056
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 943
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 795