Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2893 0 пікір 5 Сәуір, 2012 сағат 10:35

«Битлз» тобының балалары өз тобын құрмақшы

«Битлз» тобының балалары өздерінің жеке тобын құрмақ, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Пол Маккартнидің ұлы Джеймс Маккартни «Битлз-2» тобын құру жөнінде жоспарларымен бөлісті.  Жобаға «Ливерпуль төрттігінің» балалары қатыспақ. Олар Рингоның ұлы - Джейсон Старр, Джон Леннонның ұлы - Шон және Джордж Харрисонның  ұлы - Дхани. Джеймс балалық шағынан бері осындай жобаны жүзеге асыруды армандағанын айтты.

Аңызға айналған ұжымның балалары да - музыканттар. Джулиан мен Шон Леннон бірнеше альбомдарын шығарды. Дхани Харрисон қайтыс болған әкесінің Brainwashed альбомын шығарумен айналысуда әрі жеке әртіс ретінде өнер көрсетуде. Старрдың балалары барабаншылар болып шықты. Джеймс Маккартни бала күнінен әкесімен бірге, сондай-ақ өзі де дербес альбомдарын жазды.

Лондон театры биыл қыркүйек айында «Битлздың» алғашқы хитының 50 жылдығына жаңа қойылымды ұсынғалы отыр.

Қазақпарат

0 пікір