Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5376 0 пікір 5 Сәуір, 2012 сағат 10:08

1928-1933 жылдары ашаршылық болмағанда қазақтардың саны 45-50 млн. адамға жетер еді.

1928-1933 жылдары ашаршылық салдарынан жаппай қырғын болмаса, қазіргі таңда қазақтардың саны 45-50 млн. адамға жетер еді.

Бұл нәубет қазақ халқының өсімін кем дегенде 110 жылға артқа шегіндірді. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы осылай мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, қазақ халқының тарихындағы 1928-1933 жылдардағы ашаршылық бүткіл адамзат тарихындағы ең зұлмат, жантүршіктірер нәубет болып табылады. «Осынау алапат аштық ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатын бүркенгенімен, сол саясатқа мүлдем қарсы әрекеттерге барып, кеңестік-тоталитарлық жүйенің қазақ халқының дәстүр, құқық, өзіндік шаруашылық ерекшеліктерін аяқасты ету нәтижесінде тұтастай ұлтты қолдан жасаған геноцид пен демографиялық детерминизмге алып келген қылмыстың ең ауыр түрінің қайғылы нәтижесі», - дейді Мұрат Бақтиярұлы.

Оның айтуынша, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 1930 жылдары Қазақстанның ауылды жерлерінде 5 млн. 873 мың адам өмір сүрген болса, 1933 жылы тірі қалған ауыл тұрғындарының саны 2 млн. 493 мың адамды құраған. Жаппай ашаршылық пен соның салдарынан өршіген түрлі аурулардан 2 млн. 580 мыңға тарта қазақстандық қаза болды. 800 мың қазақ шетелге үдере көшті.

«Жаппай ашаршылық салдарынан қазақ халқының саны екі есеге қысқарды.  Әрине, бұндай солақай саясаттың салдарынан елімізде сол жылдары тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдері жапа шекті. Мәселен, елімізде тұрып жатқан украиндардың 11 пайызы, орыстардың 6 пайызы, өзбектердің 8 пайызы, ұйғырлардың 13 пайызы, татарлардың 10 пайызы, немістердің 11 пайызы аштықтан өлді. Бұндай жағаны ұстатар мәліметтердің өзі тек қазақтардың ғана жапа шеккенін көрсетпейді. Дегенмен, биліктің күшпен жүзеге асырған саясаты салдарынан бір ғана ұлттың жаппай қырылуы, бір ғана ұлт санының тең жартысы жойылып кетуі адамзат тарихында болған емес. Демографтар сол жылдары жаппай қырғын болмаса, қазіргі таңда қазақтардың саны 45-50 млн. адамға жетер еді дегенді алға тартады. Сондықтан да бұл нәубет қазақ халқының өсімін кем дегенде 110 жылға артқы шегіндірді», - дейді М. Бақтиярұлы.

Қазақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1301
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1175
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 914
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1035