Сенбі, 4 Мамыр 2024
4901 1 пікір 15 Наурыз, 2021 сағат 11:44

Есіл өзенін тазартуға 266,9 миллион теңге жұмсалады

Есіл өзені мен оның салаларын санитарлық тазартуға 266,9 миллион теңге жұмсалады. Бұл туралы КазТАГ  агенттігі хабарлады.

«Тапсырыс беруші - «Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану бөлімі «мемлекеттік мекемесі»; атауы - тереңдету және жинау жұмыстары; қосымша сипаттама - Есіл өзені мен оның салаларын және су бетін санитарлық тазарту; жоспарланған сома 2626964.285.71 тг. құрайды», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында.

Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды және 19 наурызда сағат 16.45-те аяқталады.

Тазалау жұмыстарына: сүңгу, өзен арнасын қалқымалы сорғыштармен тазарту, жағалауларды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту, шөптер мен қамыстарды шабу және тағы басқалары кіреді.

Техникалық байқауға сәйкес, жұмыс 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталуы керек.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1036
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 915
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 681
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 767