Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
3455 0 пікір 12 Наурыз, 2021 сағат 12:26

Белоруссия 1 млрд доллар жоғалтты

2020 жылы Белоруссия өнеркәсіп орындары 1 млрд доллар жоғалтқан. Бұл туралы Белоруссияның өнеркәсіп министрінің орынбасары Сергей Гунько мәлімдеді. 

«Біздің есептеуіміз бойынша Белоруссияның өнеркәсіп орындары 2020 жылы эпидемиялық жағдайға байланысты тауарды жеткізудің қиындауынан 1 млрд доллар шығынға ұшыраған.

Бірақ біз алғашқы екі айдың өзінде өнеркәсіп орындарын әскери жағдайдағыдай бейімдеп үлгердік. Жағдай күн сайын емес, сағат сайын құбылып тұрды. Еуропа елдері тауарды сатып алудан бас тартқан жағдайда, басқа сатып алушыларды бірнеше сағат ішінде табуға тура келді.

Қаржы төлемі жағынан да қиындықтар болды. Банктер ақша аударымынан бас тартқан жайттар да орын алды. Оның барлығын жылдам реттеу қажет еді. Тез арада жаңа серіктестерді таптық», - деді ол.

2020-жыл Белоруссия үшін оңайға соқпады. Президент сайлауынан кейін елде туындаған саяси дағдарыс күшейе түсті.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2165
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2567
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2442
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1669