Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2735 0 пікір 3 Сәуір, 2012 сағат 09:52

Халықаралық бағалаушы агенттіктердің бағасы әділ ме?

Биыл Standard & Poor"s  халықаралық несиелік агенттігі BICRA, яғни Банк секторының салалық және мемлекеттік тәуекелдерінің бағасы сұрыпында Қазақстанды алдыңғы көрсеткіші 8-топта қалдырыпты, тек салалық тәуекелі бойынша санды 8-ден 7-ге өзгерткен екен. Ал отандық мамандардың пікірінше, бұл арада біздің еліміз 8-7 емес, одан да жоғары топқа жатқызылуы керек еді.  Жалпы, қаржы секторына берілген бұл баға қаншалықты шынайы? Егер баға әділ берілмесе, агенттіктің мұндай әрекетін қалай түсінуге болады?..

«Біз Қазақстанның салалық тәуекел бағамын өзгерттік, өйткені бұл мемлекетте банктік жүйенің қорландыру сапасы неғұрлым жақсарған» делінген аталған агенттік таратқан баспасөз баянында. Бұл арада S&P алғышарттарына сәйкес, бастапқы баға - «өте жоғары тәуекелдің қауіп-қатері», ал қазіргісі «жоғары тәуекел» дегенді білдіретіндігін баса айта кетелік.

Сонымен 8-топқа біздің мемлекетімізден тыс Нигерия, Грузия, Ливан, Латвия, Аргентина, Боливия, Египет, Тунис, Уругвай және Өзбекстан мемлекеттері енеді екен.

Аталған агенттік мамандарының бағалауынша, экономикалық тәуекелдің «8» деген бағасы Қазақстанның экономикалық тепе-теңдігі мен тұрақтылығының бұзылуы секілді жоғары тәуекелдерге бой ұруға бейім екенін байқатады. Олардың пікірінше, Қазақстанның банктік секторы әлі де түзетулер мен өзгерістер кезеңінде, әрі мерзімі өтіп кеткен және қайта құрылымдалған несиелер көлемі де көп, әсіресе бұл құрылыс секторындағы борышкерлерге қатысты. Осыған байланысты халықаралық агенттік «Қазақстан экономикасындағы несиелік тәуекелдердің жоғары болуына оңды-солды несие таратқан банктің шала сауатсыздығы, борышкерлермен жұмыс істейтін андеррайтинг стандарттарының қа-таң болмауы, төлем мәдениетінің төмендігі және заңның орындалуындағы олқылықтар себеп» деп қорытынды жасайды.

Қаржыгер-маман Ілияс Исаевтың айтуынша, халықаралық несиелік агенттіктердің бағасы таза экономикалық жағдайға бейімделмеген. Оған саяси, әлеуметтік, психологиялық, тіпті белгілі бір халықаралық деңгейдегі алпауыттардың мүдделері тоқайласып кетеді. Осы құрамдас бө-ліктерді алып тастап, тек экономикалық тәуекел жағынан қарастырсақ, маманның пікірінше, Standard & Poor"s  халықаралық несиелік агенттігінің Банк секторының салалық және мемлекеттік тәуекелдерінің бағасы сұрыпында Қазақстан 7 емес, одан да төмен топқа жатқызылуы тиіс екен.

- Қанша атағы жер жарып тұрса-дағы, бүгінгі таңда таза экономикалық тәуекелді бағалайтын халықаралық рейтингілік агенттік жоқтың қасы. Себебі олар белгілі бір алпауыттардың демеушілігі арқылы дүниеге келеді. Яғни бұл агенттіктер сол қожайындарының мүддесі тұрғысында саяси, әлеуметтік және психологиялық ықпалды қызметтеріне пайдаланады. Сондықтан олардың бағалауына онша сене беруге болмайды. Бірақ экономикалық тәуекелдердің құрамдас бөлігі біздегі қаржы секторының жағдайы керемет деп тағы айта алмаймын. Дегенмен бүгіндері Қазақстанның мемлекеттік қарыз деңгейі көп емес - бар-жоғы 5 млрд $, алтын валюта қоры  қомақты - 80 млрд $ астам. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы да шикізат ресурстарын тасымалдаушы Қазақстан үшін қолайлы болып тұр. Осы жағынан ал-ғанда, Standard & Poor"s  халықаралық несиелік агенттігінің Банк секторының салалық және мемлекеттік тәуекелдерінің бағасы сұрыпында Қазақстан 7 емес, одан да жоғары топқа жатқызылуы тиіс деп ойлаймын, - дейді І.Исаев.

Макроэкономикалық зерттеу орталығының директоры Олжас Құдайбергенов банк секторының жағдайы, негізінен, мұнай ақшасының арқасында оңалып келе жатқанын айтады.

- Қазір банк секторындағы жағдай біртіндеп оңалып келеді, сыртқы қарыздар қысқарып, депозит базасы артып, олар несиелендіру өсіміне ықпал етіп отыр. Бірақ мұның бәрі - мұнай бағасының жоғары деңгейде сақталып тұрғанының арқасында. Яғни оның әсері банк секторына да жылдам жетіп жатыр. Бүгіндері банктерге басты мәселе ссудалық қоржындағы нашар несиелер үлесінің жоғары болуы: 34,5 пайыз. Үшінші жыл қатарынан бұл көрсеткішті әрең-әрең төмендетуге мүмкіндік туындауда. Егер осы мәселені белгілі бір деңгейде шеше алсақ, Қазақстан рейтингі лезде жоғарылап шыға келер еді, - дейді ол.

Таяуда елімізде өткен VII Қазақстан қаржыгерлер форумында «Халық Финанстың» сараптау бөлімінің директоры Сәбит Хакімжанов та әлемдік қаржы дағдарысынан қатты соққы алған саланың бірі - банк секторының беті бері қарай бастағанын атап өтті.

- Банктің несиелендіру көлемі биыл да келесі жылы да 10-15 пайызды құрауы керек деп болжаймыз. Яғни ел экономикасында несиелендіру өсімі байқала бастады. Әрине, бұрынғыдай өсім жағынан жалпы ішкі өніммен таласа алмайды. Қалай дегенмен де банк борышкерлері қарызын әлі толықтай өтеген жоқ. Бірақ төлем жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар банктердің ұзақ мерзімге белгіленген қоры да болмай тұр. Бұл проблемалық несиелер мәселесі шешілгеннен кейін бір жаққа шығатын нәрсе деп ойлаймын, -  деген еді ол өз сөзінде.

Мамандардың бұл пікірінен халықаралық рейтингілік агенттіктер бағасына сене беруге болмайды, еліміздің қаржы секторы оңалып келеді, бірақ проблемалық несиелер мәселесінен басымызды аршып алмай, сырттың психологиялық, саяси ықпалдарына бой ұра береміз деп ой түюге бо-лады.

Кәмшат САТИЕВА

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1421
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1255
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1013
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1075