Сенбі, 4 Мамыр 2024
3434 2 пікір 10 Наурыз, 2021 сағат 17:02

«МӘМС-тің әр басшысына 19 млн.теңге төленді»

ҚР Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Үкімет басшысы Асқар Маминге орыс тілінде сауал жолдап, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығыстары туралы мәлімдеді. 

Жамаловтың айтуынша, қордың төрт басқарма мүшесіне шамамен 77 миллион теңге, яғни әрқайсысына 19 миллион теңгеден жалақы төленген.

«Қазіргі уақытта бюджеттен тыс қорлардың шығыстары парламент пен есеп комитетінің бақылауында емес. Мысалы, 2019 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығындары 5,8 млрд теңгеден асты. Жалақыға 4,4 млрд теңге жұмсалды.

Егер Қордың барлық 850 қызметкерін бөлсек, олардың әрқайсысы айына 434 мың теңге алады. Бұл елдегі орташа жалақыдан екі есе көп. ӘлМСҚ қаржылық есептілігін зерделейтін болсақ, онда қордың төрт басқарма мүшесіне шамамен 77 миллион теңге, яғни әрқайсысына 19 миллион теңгеден төленді», — деді депутат.

Сонымен қатар депутат бюджеттен тыс қорлардың шығыстары туралы ақпарат барынша ашық болуы үшін жалақы мен әкімшілік шығыстардың барлық баптары нақты көрсетілуі тиіс деп атап өтті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1076
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 967
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 713
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 817