Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3434 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 19:16

МIНЕЗДI АҚЫНМЕН МҰҢДАСУ НЕМЕСЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ ӘБДIЛДА ТӘЖIБАЕВ ЖАЙЛЫ СЫР

Мiнберде ақын сөйлеп тұр. Жәй тұрған жоқ, әдебиеттiң өресiндегi болмайтын жерден кететiн кем-кетiктердiң күш алып бара жатқанына күйiнiш бiлдiре қиылып сөйлеп тұр. Сол тұрған бойы әруақты ақынның тұла бойы арса-арса боп, қан тамырлары өз ағыстарын таудан құлаған сарқырамадай алас ұрып, қара-қоңыр өңiндегi сұстылықты одан сайын бебеулетiп, өртеп бара жатқандай кейiпте күңiренiп тұр.
Дәл осы сәтте айналасындағы жанашыр достары: "Әй, Әбеке өзiң де, сөзiң де төрде тұрып, былай сөйлегенiң не еткенiң, сенiң жәй сөзiңнiң болмысы осылай болғанда, қаһарлана сөйлегенiң қандай болмақ? Сәл сабыр сақтап сөйлесең қалай болар едi? Мына жан-жағыңда сен сияқты самұрық құстай ақынның сұлағанын күтiп отырған сақылдауықтар саңылау iздеуде ғой. Өзiңдi-өзiң сабырға шақырсаңшы", - дейдi iшiнен. Ал қас-дұшпандары, "Сөйле Тәжiбаев, өртен Тәжiбаев, сен кiмнiң шiкәрасысың, осылай сөйлеп тұрып-ақ, саяси қателескенiңдi әлi-ақ бiлмей қаларсың. Сен де бiр күн қапыда қолға түсерсiң бәлем, сонда көрермiз сенiң де халiңдi. Өзiңдi өзiң тоқтата алмайтының бар, елдiң алдында сөйлеп нең бар" дегендей олар да iштей түнеруде. Залдағы дос пен дұшпандарының өзара арбасулары үнемi осындай күй кешетiн.

Мiнберде ақын сөйлеп тұр. Жәй тұрған жоқ, әдебиеттiң өресiндегi болмайтын жерден кететiн кем-кетiктердiң күш алып бара жатқанына күйiнiш бiлдiре қиылып сөйлеп тұр. Сол тұрған бойы әруақты ақынның тұла бойы арса-арса боп, қан тамырлары өз ағыстарын таудан құлаған сарқырамадай алас ұрып, қара-қоңыр өңiндегi сұстылықты одан сайын бебеулетiп, өртеп бара жатқандай кейiпте күңiренiп тұр.
Дәл осы сәтте айналасындағы жанашыр достары: "Әй, Әбеке өзiң де, сөзiң де төрде тұрып, былай сөйлегенiң не еткенiң, сенiң жәй сөзiңнiң болмысы осылай болғанда, қаһарлана сөйлегенiң қандай болмақ? Сәл сабыр сақтап сөйлесең қалай болар едi? Мына жан-жағыңда сен сияқты самұрық құстай ақынның сұлағанын күтiп отырған сақылдауықтар саңылау iздеуде ғой. Өзiңдi-өзiң сабырға шақырсаңшы", - дейдi iшiнен. Ал қас-дұшпандары, "Сөйле Тәжiбаев, өртен Тәжiбаев, сен кiмнiң шiкәрасысың, осылай сөйлеп тұрып-ақ, саяси қателескенiңдi әлi-ақ бiлмей қаларсың. Сен де бiр күн қапыда қолға түсерсiң бәлем, сонда көрермiз сенiң де халiңдi. Өзiңдi өзiң тоқтата алмайтының бар, елдiң алдында сөйлеп нең бар" дегендей олар да iштей түнеруде. Залдағы дос пен дұшпандарының өзара арбасулары үнемi осындай күй кешетiн.
"Бiрақ бiр нәрсе бар, ол - осындай қайшы пiкiрлердiң қуаты бiрiн-бiрi алдырмайтынын сезiнушi едi. Әбдiлдә Тәжiбаевтың сөзi мен өзi, жыры мен сыры алақандағыдай алабұртып Кеңес қылышының қылпылдаған жүзiнде жасындай ойнаушы едi. Бұл қазақтың кешегi Кеңес үкiметi тұсындағы тағдыры болатын. Өзi де кеше ғана, Балалар үйiнде халық батыры Бауыржан Момышұлымен бiрге, солардың аталасын бөлiп iшкен жанның бiрi едi. Сол Балалар үйiнде бұл екеуiн бiрi - ұлы ақын болып, бiрi - жазушы-батыр болып шығады деп кiм ойлаған. Екеуi де адуынды, екеуiнiң де буырқанып тұрған кезi. Ақыр соңында екеуi де халықтың екi бiрдей ұлы тұлғасы болып мәңгi қалды. Бiреуi бет қаратпас батыр әрi жазушы, ендi бiрi әдебиет майданында бiрде шырқау биiктi алып, ендi бiрде жаңылып кетiп жазықсыз күйiп жүрген шағы болатын. Өзiне салсақ былай сыр шертер едi.
"Екiншi айтар сырым: ұлылықтарды сыйладым, оларға қызықтым, бiрақ олардан ештеңенi де қызғанған жоқпын. Менiң ащы айтатын, жан даусым шығатын кездерi де болады, бiрақ өзiме дейiнгiге, өзiммен тұстастарға да еш нәрсенi көпсiнген емеспiн. Өзiмнен соңғыларға да солай етем ғой деймiн. Бұл мақтан үшiн емес. Бұл жерде менiң айтпағым әрбiр ақынның өнерлiк биографиясына, оның ақындық лабораториясына ең алдымен керек нәрсе - тазалық, адалдық, әдiлдiк. Осы үшеуi бар жерде сен бақыттысың. Онда сенiң өзгенi түсiнуiң де оңай, өзгеге түсiндiруiң де оңай. Туа бiткен талантты ұрық деймiз. Бiрақ сол ұрықты адам өзi өсiрiп, жетiлдiрiп алады".
Жоғарғы бiз айтқан көрiнiс, ол берiдегi мiнберге шыққан бiр тұсы болатын. Ол мiнезiн ақын өзiнiң бiр мақаласында былай дейдi: "Мен талант айырмашылықтарында да сондайлық үлкен өлшеулер бар деп бiлемiн. Әлiм келгенше таланттар дәрежесiн дұрыс тануға тырыстым",- дейдi. Ал ақын болғаннан кейiн өзiнiң жырымен айтпақ сырында да өз ашуын баса алмайды.
Бiрде Әбекең:
"Айтайын десем айқайға салып бiрдеңе,
Жалынып досым, үндеме дейсiң, үндеме.
Үндемес болсам, айтпайтын болсам бiрдеңе,
Көрсетiп бәрiн тұрады маған күн неге?
Көрсетiп бәрiн тұрады маған күн неге,
"Жарықты сыйла - дейтұғын шешем, - кiрлеме!"
Қит етсе, досым, үндеме дейсiң үндеме,
Үндемес болсам берiлген маған тiл неге? "- дептi.
Менiң жоғарғы айтқан мiнездiң тұрпатына жарасып тұрған екi сөзi де ұлы ақынның өзi жiпсiз тордың iшiнде тулап жүрсе де, тұла бойындағы ақындық бұла күшi шыдатпайтын ыңғайда-сынды. Әсiресе, өзiнiң қатарлары Тайыр, Қасым, Ғали, ақындардың көңiл-күйлерi де дәл осындай алабұртып жатқандарында сөз жоқ. Былай, жайшылықтарда әр-қайсысын, көзбен көргендей болғанмын, шындығына келетiн болсақ Қасым ақынның өзiн, осы Әбекеңнiң "Жыл толды үлкен жүрек тоқтағалы" мақаласының әр-бiр жолы Қасым ақынның жыр жолдарындай тулап-түлеп, бiлеуленiп, сол ақынды буырқанып жоқтап өксiп тұрғандай өз оқырмандарына әсер тастайтын. Орталарынан ойып алып кеткен ажалға айтқан жоқтау жырындай естiлгенi екi бастан. Тура Қасым ақынның өзiнiң досы Абдолла ақынды бейнелегендей құдiреттi әрбiр сөйлемiне сiңiрiп жiберiп солқылдатып тұрғандай.
Жалпы Әбдiлда ақын өзi айтқандай кешегi ашаршылықты сол кездегi Астанамыз Қызылорда көшелерiнде аштықтан қырылған адамдардың өлiгiн, өксiп-жылап аттап жүргендiгiн елестеткендей. Мен өзiм сол әңгiмесiн естiп отырып, кейiн:

"...Жыласа жылап,ақ жанымен төгiле
Жырына қосқан елiнiң:
шыбынын, шаңын, суын, дәнiн, бұтасын.
Бұдан артық табынарың бар ма өзi құдiретiм құт-асыл.
Тағдыр оны жастайынан жетiлдiрмей қақтаған,
Iндетiңнен қырылған қырғын адамның
Өлiктерiн өксiп жүрып аттаған.
Қара түнек соғыста да
Қасырет жұтпай жатпаған,
Өмiр жырын бұл кiсi бiле-бiлсең қарағым,
Дозақ отын кешiп жүрiп жаттаған," - деп жазған жырым бар екен. Расында да өзiм пiр тұтқан Әбдiлда ақынның өзiм мiнберден көрген бейнесi сондай едi. Оны мен қалай ұмытпақпын.
Таза қазақ деген халықтың жан-дүниесiн танытатын және сол қазақтың жаратылысымен жырлап өткен ақындар дәл осы Әбдiлда ақынның айналасында бiр кезде тұнып тұрған болатын. Олар ашу шақырып ренжiсе де, немесе балаша қатты қуанса да таза өз ұлтының жаратылысымен өткен ақындар демеске хақымыз жоқ. Олай болса тек оларға өмiрбақи тағзым етуден басқа ылаж жоқ.
Болмаса бiз осы Әбекеңнiң алғашқы жазғандарының iшiнен екi жырына ден қойып өтейiк. Оның бiрi Абыл күйшi жайлы "Абыл" дастаны. Екiншiден "Толағай" атты балаларға арналған дастан. Екеуiнiң де айтары ап-айқын және сол кездегi адам тағдырының айна-қатесiз бейнесi деуге де әбден болады. "Абылдағы" күйшiнiң өмiрiнде, үмiтсiз шайтан болсын деген қарапайым қағида жатыр. Мұнда Абыл күйшiнiң қанша жерден тажалдың аузында тұрғанымен, ақыр соңында аман қалуы сөз етiледi, яғни халқымыздың "қырық жыл қырғын болғанмен ажалды өледiсiнiң" қағидасымен ақын Абыл күйшiнi төнiп келген ажалдың көмейiнен алып қалады. Және жәй алып қалмай, екi халықты күй құдiретi достастырып жiберетiнiн қайтерсiң. Бұл деген сөз ақынның үмiтi ешқашан өшпейдi және сол үмiт небiр тажалды жеңiп шыға алады деген қағиданы алға тарта отырып, бiр жағынан өнердiң де мәңгi өшпейтiнiн паш еткен.
Екiншiсi, Толағай ердiң қуаңшылыққа тап болған өз елiнiң амандығына атсалысып, әлде бiр жақтан басында жаңбыры мен жасыл бағы бар, қойнында әрқилы түлеп жатқан аң-құсы бар таудың бiр бөлшегiн ырғап-ырғап бөлiп алып, көтерiп әкелiп, елiнiң маңайына қондырғалы жатқанда, оқыста сүрiнiп кетiп таудың астында қалуы баяндалады. Мұндағы ақынның айтпағы, Елi үшiн жанын құрбан ететiн нағыз ерлер халқын жарылқағанмен өзiнiң шыбын жанын құрбан ететiндiгiн паш еткен. Бiр ғажабы ақын жазған осы екi шығарманың да тағдыры сол кездегi халқымыздың көрген азабын көз алдымызға әкелетiнi. Ол кезде тiптi жас ақынға осындай ойды айтқызып отырған бiрiншiден, Алланың жарлығы болар. Екiншiден, сол кездегi өмiрдiң өксiгi болса керек.
Мiне, осындай өз айналасында болып жатқан жәйға жайбарақат қарамай, өз туған елi мен туған жерiн қастерлей бiлген ақынның тiптi мынандай да жыры бар. Қарапайым болғанмен қабырғалы ойыңды қанаттандырып жiберерлiктей:
- Құс аулауға шығамысың?
- Шығамын.
- Атқаныңды жығамысың?
- Жығамын.
- Мә, мылтығым, атамысың?
- Атамын.
- Сен атып қайт,
Мен демалып жатамын.
- Құсың қайда, қарағым-ау?
- Атпадым.
- Таппадың ба тоғайдан құс?
- Таппадым.
- Көп едi ғой көлде де құс...
- Көп екен.
- Неге атпадың?
- Түк дәлелiм жоқ екен.
- Атуға сен қимадың ба?
- Қимадым.
Туған жердiң құстарын да сыйладым.
Мiне, ақын күйiнiшiнiң толғаныстары. Бұл кiсi, негiзiнен, тоқсан жасап кеттi. Сол тоқсан жасында жандүниесiнiң бiр дамылдағанын ешкiм де аңғармаған болар.
Бұл кiсiнiң сонау 1927 жылғы "Сыйлық" атты ұжымдық жинаққа шыққан бал-балалық үнi кейiн келе алапат құбылыстар әкелетiн дүлей табиғаттың сан қилы мiнезiндей небiр жырлар жазғаны ел есiнде. Әрине, оның арасында кешегi Кеңес өкiметi тұсындағы жеңiл-желпi жырларын да жоқ дей алмаймыз. Оның үстiне ұранды жырлары да бiрсыпыра орын алғандай. Ал соның бәрi өзiн елу жасқа дейiн алқынтып, алабұртқызып келсе, жоғарғы құс туралы жырлардан кейiн сабасына түскен сарабдалдықтың небiр құдiреттi құбылыстарына бой ұрғызады. Бұл белес негiзiнен бұл кiсiнiң "Аралдар" жинағынан басталады. Өзiнiң осы жинағындағы "Аралдар" атты жырының өзi бүкiл әлемдегi қат-қабат қасiрет пен қуаныштың құдiреттi бейнесiн беретiндiгi екi бастан. Ендi бiз содан үзiндi оқып көрейiк:

"...Аралдан алдық ащы ойлар,
Ауырлап кеттi кемемiз.
Теңiзде емес, қайғыда
Жүзгендей болып келемiз.
Сыңсып бiр қалса шағала,
Суынып демде денемiз.
Никостың жанын көргендей,
Жалтақтап қарай беремiз..." - дей келiп, ақын өзiнiң туған жер құдыретiн алдыңызға тоса қояды:
"Алдымда жатыр теңiздер,
Алдымда жатыр аралдар.
Әлi көп алда сұмдықтар,
Түршiгiп жаным алаңдар.
Осы бiр тұста көңiлмен
Оралсам елге жарандар.
Алдымда тұра қалады
Тұтасқан алтын арайлар...

...Жап-жаңа дүние тұр жайнап,
Жайтаңдап жаңа адамдар.
Жанымнан үрей сейiлдi
Жарқ ете қалды жаңа ойлар."

Осы соңғы төрт-бес жолдың өзiнде туған елге деген қаншама құдiреттi күш жатыр. Бұл ақынның кең ауқымында, осы өз елiмiздiң өзiнде Алматыдан былай шыға қалсақ, қаншалықты сағынатынымызды өздерiңiз бiлесiздер, ал бұл ақында бүкiл әлем ауқымынан өз елiмiзге келгендегi алапат қуаттың сағыныш мұхитына күмп бергендей күйде боламыз, әр-бiрден соң көпке дейiн есiмiздi жиа алмай есеңгiреп қалатынымызды көрсетедi. Және сол сағыныш тегеурiнiн сол теңiздiң өз құдiретiмен суреттей келiп, өзiнiң де сол құдiретке айналуын тiлейдi:

"Теңiз!
Сенен ұлы болған емес бiр ақын.
Жырың қандай, жырың қандай сұрапыл!?
Арасында бұрқыраған дүлейдiң
Түн жамыла жылап тұрып тiлеймiн:
Жүрегiңнiң бөлшегiн бер,
Өлеңiңнiң өлшемiн бер
Ол аз десең өзiмдi де ал,
Толқыныңа аямай сал.
Иә, күйрейiн, күл болайын,
Иә, теңiзге айналайын!"

Нағыз теңiз бен ақынның арбасуы осындай-ақ болар. Жеңiле алмай тұрған қос құдiреттiң бейнесi көз алдыңа келедi. Былай алып қарағанда бармақтай ақынның алып теңiзбен арпалысып жыр жазуы, Алланың ақынға берген құдiреттi қуаты болса керек.
Ақынның бұдан кейiнгi, яғни елу жастан кейiнгi жырларының әр белесi бiр-бiр құбылысты әлемдi алып келiп отырған десек, бекер айтпағанымыз. Және олардың бiр қызығы соның бәрi де теңiздiң, қала бердi, мұхиттың тұңғиығындағы тұнба қазыналардай өзiнiң қатпар-қатпар сырларын ақтарған. Және олардың әр қайсысы бiр-бiр қорабқа салып сақтаған iнжу-маржандарды елестетедi. Болмаса ақынның "Кешеден-бүгiнгi", "Таныс дауыстар", "Көне қоңырау" жинақтары сол тұстан өркен жайған өрелi өркешiн көрсетсе керек. Бұл ақынның поэзиялық өркештерi. Қысқасы, өле-өлгенше жазған жырларына ақын жүрегiн әлдилеп, баптап отырған бiр нәзiк қуатқа, кей кезде орасан зор алғыс та айтқымыз келедi. Сол бейненiң мүсiнi мен ықылас әлемi ақынның да ғажайып жырларына нәр сепкенi анық. Ақынның сол құпия тылсым сезiм иесiне бәрiмiз де бас иемiз. Бұл ақынның негiзгi ұлы қыры.
Ал екiншi қыры, ақынның драматургия саласына ойыса беретiндiгi. Бұған сонау 1952 жылғы орыс жазушысы Пагодинмен бiрге жазған "Жамбыл" атты көркемфильмiнiң алғашқы сценариiнен бастап (бұл кинода Жамбыл атамыздың балалық шағын ұлы кинорежиссерiмiздiң бiрi - Абдолла Қарсақбаев ойнаған), одан берi де өрген алғашқы пьесалары, сценарилерi 1963 жылы "Жүректiлер" деген атаумен жеке кiтап болып жарық көрсе, өзiнiң кейiн шыққан бес томдығының 3-шi томындағы драмалар мен комедияларымен тұжырымдама жасайды.
Және мұның бiр ғажабы, ақынның осы саланың ғылыми жағымен де айналысқандығы белгiлi. Оған дәлел "Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы" атты тақырыпта өзiнiң докторлығын қорғауы да жәй еңбек болмаса керек. Мұндай ұлан-асыр еңбектiң басында да бiздiң Әбекең жеке дара өз биiктiгiн көрсетедi.
Ендi бiз ақынның театр тарихындағы ерекшелiгiн айтар болсақ. Ол да өз алдына жатқан бiр әлем. Ақынның 100 жылдығына байланысты жақында өткен Жазушылар одағындағы жиында, осы саланың үлкен бiлгiрi, әрi жерлесiмiз - Бағыбек Құндақбаев ағамыздың айтымынша: "Ертеде Театр тарихы жайлы екi томдық кiтап шығару керек болып, сол iстi Әбекең бастаған топқа жүктелген. Сол топта мен де болдым. Ол кезде театр жайлы әңгiменiң он екi де бiр нұсқасы жоқ. Сонда мен осы Әбекеңе таң қалғанмын. Бiрiншiден, бұл кiсiнiң Батыс-Орыс драматургиясы дейсiз бе, әлде әлемдiк драматургиясы мен театры дейсiз бе, бұл жағынан өте бiлiмдар болып шықты. Екiншiден, кешегi театр iргесiн қаласып, кейiн Халық жауы атанып айдалып кеткен саңлақтарымыздың еңбектерiн, аттарын ататпай-ақ осы кiтапқа енгiзiп жiберген батылдығына тәнтi болдық. Ол кейiн үлкен дау боп кете жаздаған қауiпке бiр өзi қарсы шығып, бет қаратпай дәлелдеп шыққандығы үлкен батылдық едi". - деген сөзi көп нәрсенi аңғартып өткеңдей.
Ал қойылымдарымен бiрге бiздiң үлкен поэзиямыз жайлы дер кезiнде үлкен пiкiр-таластарға барып, және оны көбiнесе өзi тұжырым жасап отырғандығы өз алдына жатқан биiктiгi емес деуге ешқандай да шарамыз жоқ. Бұған ақынның кезiнде бүкiл ақындардың тағзым етерлiктей ұлы кiтабының бiрi болған "Өмiр және Поэзия" атты мақалалар жинағын айтсақ та жетедi. Бұл тек қатардағы жинақ болып қалған жоқ. "Поэзиямыздың негiзгi тұғырындай биiктiгiн сақтап қалды" десек те жарасқандай. Сонымен бiрге бұл кiсiнiң "Ойлар, толғаныстар" жинағы да жоғарғы айтылған жайларды толықтырып жатты.
Шындығында поэзиямыздың төрiндегi Мұқағали ақын айтқандай "Грозный патшадайын" басшылық жасаған Әбекеңнiң әрбiр лебiзi, кезiнде әрбiр ақынға Пiрдiң сөзiндей болғандығы ақиқат.
Оның дәлелi-кезiнде Мұқағали, Тұманбай, Төлеген, Жұмекен, Фариза, Күләш сияқты тағы басқа да ақындарымыздың болашақ поэзия тiрегi бола алатындығын алдын ала сезгендiгiнiң өзi не тұрады. Әрине оған жоғарғы аты аталған ақындардың өз биiгiнде шырқап тұрғандығы дәлел.
Иә, бұл Әбекең сияқты ұлы ақын жайлы не бiр жайларды да айтуға болады. Ол өйткенi сан қырлы талант, әрi ғұлама. Рас кешегi Кеңес өкiметi тұсында бұларды да сан-саққа салып адастырғаны екi бастан. Сол кезде шындығын айту керек, көтензорлықтың арқасында сыр бiлдiрмеген адам болмады - деп айта алмаймыз. Ал бiрен-саранын айтар болсақ оның да бiр құйтырқы себептерi болғандығы анық. Бiрақ бүгiнгi таңда да тiлге тиек етуге, сол бiрен-сарандардың сөзiн айтып жүргенiмiз де рас. Бұл әйтеуiр құралақан болмаудың бiр шарасы сияқты әрекет. Және оны бiз келе-келе өзiмiзше символға айналдырып жататындығымыз тағы бар. Болмаса сол кiнәлi болған, яғни халық жауы болған ағаларымыздың бiр жағынан, жан сақтау тәсiлдерi болса, екiншi жағынан, олардың да бiздiң әдебиетiмiз үшiн жоғарғы Әбекең сияқты жоқтан бар жасаған еңбектерiнде шек жоқ. Сондай бiран-сарандардың төрiнде жүрген ұлы тұлғаларымыздың бiрi де, осы-Әбiлдә Тәжiбаев деп толық ауыз толтыра айта аламыз.
Соның ең соңғы айғағы, ағамыздың "Жаданның әңгiмелерi" немесе "Хаттар, хаттар" атты прозалық еңбектерiнде ақын өзiнiң iшкi сырларының бүге-шiгесiне дейiн ақтарып сөлеп кеткенiнiң өзi ғажап. Сонда өз өмiрiнiң небiр азапты ащы-тұщы жайлары ақтарыла айтылады. Демек, ақын өз өмiр жолында кездескен небiр сұмдықтар мен өзi көзбен көрген рахаттың өзiн шынайы сезiнбеген тұстарын толық бередi. Яғни осы тұста сөз басындағы мына шумақтарды қайталап оқысақ артық болмас:
"Айтайын десем айқайға салып бiрдеңе,
Жалынып досым, үндеме дейсiң, үндеме.
Үндемес болсам, айтпайтын болсам бiрдеме,
Көрсетiп бәрiн тұрады маған күн неге?

Көрсетiп бәрiн тұрады маған күн неге,
"Жарықты сыйла-дейтұғын шешем, - кiрлеме!"
Қит етсе, досым, үндеме дейсiң үндеме,
Үндемес болсам берiлген маған тiл неге?"

Айтатын шешем:
"- Әдiл бол дейтiн мiнбеде.
Сұмдарды сына, жамандық отын үрлеме.
Оза алмас болсаң, озатындарды күндеме,
Күндейтiн болсаң өле қал, балам, үндеме." - дейдi. Бұл ақынның жан шырылы, оған сенiң де қосып-аларың болмаса керек. Ендi бiрде ақын тағы:
"Артқы аяғын шайнатқан арыстандай,
Мен де келем ыңыранып алыстардан.
Жаутаңдамай, жауыма тiк қараймын.
Дәрменiм бар бүгiнде алысқандай.
Жастай тапқан әдетiм-өжеттiгiм,
Қиын жерде қираймын қалыс қалмай."
Осындай жыр жолдарын туындатып жүрген ақын, әрбiр мiнбердегi өзiнiң айтар сөзiн жәйбарақат айта ала ма? Мүмкiн емес. Олай болса бұл кiсiнiң бейнесiн бiз әрқашан да мiнбердегi сұсты қалпымен көргенiмiз жөн болар.
Мiнберде ақын сөйлеп тұр. Бiрде Арыстандай ақырған даусын естимiз, ендi бiрде Самұрық құстай саңқылдаған үнiн естимiз. Ол үн және ешқашанда құлағымыздан өшпейтiн үн, яғни ол бiздiң нағыз қазақи рухани үнiмiз. Және бiр халықтың маңдайына тар келмей, қайта уақыт өткен сайын тәңiрiдей тұлғалана түсiнетiндiгi тағы бар. Олай болса Әбдiлда Тәжiбаевтай ақынымызбен мақтана бiлейiк. Өйткенi, ол -жалғыз дана. Және ерекшелiгi қазақи жаратылыстың қанын тулатып өтетiн соңғы алып ақын. Бұл кiсi көз жұмғанда мен мынадай жыр жазыппын, сөзiмдi сонымен аяқтайын:
"Бiр де қурап, бiрде жайнап гүл-бақшаң, Қашан көрсем алабұртып нұр шашқан. Жыр-ағынның күмбiрлеткен арнасын,
Сұладың ба Самұрық құс - сөз патшам...

Мұзбалақтай замананың бұрқағын,
Қақ айырып құшқан жансың нұр таңын.
Тыншыдың ба жерге бөлеп жаныңды?
Қолтығыңнан жел гулеткен Тұлпарым.

Бүкiл ойым бейiмделiп Батысқа,
Бұрылғанда қарсы тұрып;
Шатыспа!
Дегендей-ақ ұлттық жырдың мерейiн
Қазақы оймен бөледiң сан нақышқа.
Ұлағат қып аңыздардың мол iзiн,
Ұнатпаған дүниенiң доңызын,
Күңiрендiрiп тастағандай өзiңе
Бейне Қорқыт бабам қара Қобызын." - деген екем. Сөйткен Самұрық құс - сөз патшам, бүгiнгi таңда өзiң жоқсың, бiрақ халқың өзiңнiң ұлығатты ұлылығыңды асырып жатыр. Ыризалықтан Әруағың бiр аунап түсiп жатқан шығар. Қазағың барда өзiң де бар екендiгiңе көзiң жеткен шығар. Әумин!

 


Сейфолла ОСПАН, ақын

«Түркістан» газеті» 2 шілде 2009 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2025
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2442
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2031
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587