Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3294 0 пікір 2 Сәуір, 2012 сағат 05:58

Дабыл қағуларыңызды сұраймын!

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректі аулы, Сәтбаев көшесінің бойындағы  26-үйде тұратын Шериза Жеңісбек деген азаматтың отбасына  30 наурыздың түнінде ( түнгі сағат 00:50 мөлшерінде)  ҮШ АДАМНАН ҚҰРАЛҒАН ҚАРУЛЫ ТОП  басып кіріп, қару кезеп ұрып, соғып 1525000 теңге (бір миллион бес жүз жиырма бес мың теңге) ақшаны тонап кеткен. Онымен қоймай отбасы мүшелерін ауыр жарақаттап, құдыққа қамап, қақпағын үстінен бастырып есіктерді сыртынан тіреп  кеткен.
Тоналған отбасы адамдары  екі сағат дегенде сыртқа әрең шығып, жергілікті оқиға турасында полиция орнына мәлім еткен. Бірақ,  қазірге дейін қылмыстың беті ашылған жоқ.
Сіздерден өтінеріміз: ақпарат құралдары арқылы осы істің ашылуына және қылмыскерлерді ұстап  тиісті жазасын алуына көмектессеңіздер екен.
Тергеушілердің айтуына сүйенсек,  бұндай  қылмыстық әрекет Шығыс Қазақстан облысыда он жылдан бері болмаған көрінеді.
Осы жағдайдан Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі хабардар ма екен? Осы жайтты да білгім келеді.

Толық мәліметті мен - Керейхан Нұржанат сіздерге баяндап бере аламын.   Менің қалта телефоным: 87026988868; 87778277786.

Жұрт болып хабарласып, дабыл қағып, тиісті орындарға пәрмен етулеріңізді өтініп сұраймын.
«Абай-ақпарат»

0 пікір