Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2993 0 пікір 2 Сәуір, 2012 сағат 05:51

Елеужан Серімов. Кісәпірмен келіссөз жүргізу - күнтәртібінде тұр

Қазақстанда қалыптасқан демократиялық ахуал  игiлiктердi тудырып қана қоймай, қоғамның бұрын байқалмаған көлеңкелі  тұстарын да көзімізге шұқып көрсете бастады.    
Адамды аманатқа алу, сонысы үшін ақы сұрау, өзін, өзімен қоса басқаны отты қарумен жарып жіберу секілді сан алуан жағдаяттар қазіргі күні саясат кеңiстiгiнде, сауда-саттық саласында, төтенше әскери операциялар мен құқық қорғау органдарының қызметiнде, тiптi отбасы жағдайларында да жиi бой көрсетіп қалып жүр. Өмiрдiң ащы қиындықтары тығырыққа тiреп,  пышақтың өткір жүзiнен жалаңаяқ жүгiрткендей талайсыз тағдырына налыған адам аффект үстiнде нендей де болса көзсiздікке барады ғой. «Тұрмыстың ауыртпалығы итермеледі», «себептен-себепсiз зорлық- зомбылық көрдiм», «айнала ортам тiлек-өтiнiшiмдi қанағаттандырмады», «мемлекеттің дін саласындағы саясатымен келіспеймін» дейтін сыңайдағы әр нәрсені желеу етіп, өмірден опық жеп, бүгіліп-түңілген сәтінде жазығы жоқ бейкүнә адамдардың өміріне қауіп төндіру, балаларды кепiлдiкке алу («киднепинг»), тіпті жарық дүниенi тәрк етiп, өзгенiң де, өзiнiң де өмiрiн қиюға бейiм тұру, құқыққа қайшы әрекетке барып, қоғамдық қатынастарға қолсұғу жайттары күнбе-күн күнделікті болып жататын, жұртты селт еткізбейтін қатардағы оқиғаға айналып кету қаупі бар. Соңғы уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде болып өткен жарылыстар мен атылыстар осының нақты айғағы.

Бұл құбылыстар біздің топырақта ғылыми негізде байыпталуы кем түсіп жатқан, шешімін таппай тұрған күрмеуі қалың күрделі мәселелер қатарынан орын алады. Бұл мәселелер құқық қорғау қызметкерлері үшін ғана арнайы дайындалатын әдістемелік нұсқаулықтар түрінде емес, қоғамдық көлемде ашықтан-ашық еш бүкпесіз, егжей-тегжейлі кеңінен сөз етуді қажет ететін күн тәртібінде тұрған, толғағы жетіп піскен мәселе деп білеміз.

Аталған саладағы мамандардың айтуы бойынша, мұндай оқиға орын алған жағдайда, алдымен, әуелде елеусіз көрінген оқиғаның, кейіннен үлкен дабыраға ұласып кетпеудің жолдарын қарастырып алу керек екен. Оның бiрден бiрі амалы - iс насырға шаппай тұрып келiссөз жүргiзу арқылы сол бойда мәселенің шешiмiн табу болып табылады. Келiссөз жүргiзе алу шеберлiгiнiң қажеттiлiгi осы жерде айқын байқалады. Бұның өзі замана болмысына сай қазіргі қоғамымыз қажет етіп отырған риторикалық (шешен сөйлеу) өнердің күрделі бөлігін құрайтындай. Құқық қорғау органдарының, төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлеріне келіссөз жүргізу шеберлігін меңгеру аса қажетті кісілікті іс дейтініміз сондықтан. Әйтсе де бұл тұрғыда халықтың құқықтық сауаттылығының орны да алабөтен ерекше. Біздің мақаламыздың мақсаты да осы кемшін түсіп жатқан тұсты бүтіндеу.

...Келiссөз жүргізу ісі адамның жасаған әрекетіне, мезгiлiне, жынысына, жасына, әр саладағы қызметтiк жағдайларына байланысты жiктеледі. Келiссөз жүргiзуге, ең алдымен, күнәлi әрекетке барған адамды етене жақсы танитын, болған оқиғаға қанық не сол адамның мiнез-құлқындағы ерекшелiк қырларын жақсы бiлетiн, белгілі бір отбасылық, ағайын-туыс жақындығы бар, бiр сөзбен айтқанда, жауапты сәтте оған ықпал ете алатын беделдi, ептi, дiлмар адам таңдалып алынады. Алдымен ол қоғамға жат бұл әрекеттің астарына үңiлiп, туындау төркінін анықтап алуы тиіс. Екіншіден,  ол келіссөз кезінде көңiлге қонымды, жүрекке тез жетер арқауы нық, соқырға таяқ ұстатқан¬дай дәлелдi де дәйектi, тайға таңба басқандай анық та айқын, мағыналы да салмақты, құлып ашар кiлт сықылды уәждi сөздерді ба¬рын¬ша екшеп, қырлап, таңдап қолдануы тиіс. Жас балаға пышақ ұстатқандай ебедейсіз сөздер мұндайда мүлдем айтылмауы қажет. Қойнына сапын тыққан кiсә¬пiр¬дей ашынған адамның көкейiн тескен түйткiл, жеке бастың өкпе-назы, iшiн удай ашытқан себептердің түйiнiн сейілту мақсатында өрбитін әңгiменің арқауы - ер¬тең-ақ бармақ шайнатар бейберекет iсінiң қапыда жасалған өрескел қателiгiне кө¬зiн жеткiзердей уәжде құрылғаны дұрыс. Қызығы таусылмас ғұмырдың тәттiлiгi, ал¬дағы күннiң мәндiлiгi туралы айтылатын аз-кем сөздiң өзі мол мағыналы, ықшам да шымыр,  жүрекке жылу құяр үмiт сәулесiндей ерiксiз иландырып, тиянақты да дә¬лелдi болғаны ләзiм. Толғауы тоқсан сөз өнерінің қажеттілігі осы жерде айқын көрінеді. Мұндайда қызмет саласына қарай айтылатын терминдік атаулы сөздер қолдануға әлдеқайда тиiмдi болып табылады. Бұл ыңғайдағы сөздер көбіне-көп көкейге тез жетіп, бірден-ақ көңіл төрінен орын табары қақ. Нақтылай айтқанда, сөйлесу шеберлігін меңгеру қызметкер үшін ең басты талап екені айдан анық болып отыр.
Сөйлеу өнерiнiң этикалық тұжырымдармен бай¬ы¬талуы да кезегін күтіп тұрған өзекті шаруа. Зады, келіссөз жүргізу өнерінің қыр-сырын қаузап ашу, тыңғылықты зерттеу - осы күннің еншісіндегі зәру мәселе екеніне көзіміз күнде жетіп отыр.  Бұл жайттан ел ішінің де хабардар болып жүргені дұрыс. Өйткені, жылуы кем өмірде жылы сөзге есе тимей барады.

Елеужан Серімов,
полиция полковнигі,
заң ғылымдарының кандидаты

«Абай-ақпарат»

0 пікір