Жексенбі, 12 Мамыр 2024
5357 4 пікір 2 Наурыз, 2021 сағат 14:52

Қазақстан Қытай азаматтарына визасыз режим енгізе ме?

Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде "елімізде Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілетіні" туралы хабарламаны таратуда. Алайда бұл ақпарат негізсіз. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытай азаматтары үшін визалық режимнің өзгеретіні туралы ақпаратты жоққа шығарды. Министрлік аталмыш ақпарат бойынша келесідей түсініктеме берді: "Қытайдағы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері ҚХР азаматтары үшін визаларды Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына сәйкес ресімдейді. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің шешімімен 2020 жылдың наурыз айынан бастап ҚХР азаматтарына виза Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның туындауы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешімі бойынша беріледі”.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2168
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1788
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1535