Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3863 0 пікір 29 Наурыз, 2012 сағат 05:39

Жұмамұрат Шәмші. Шетелде оқып «шекеміз қызып» жүр...

1993 жылдың 5 қарашасынан бастап Елбасының қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалғалы бері мыңдаған ұл-қызымыз дамыған 38 мемлекетте білім алып қайтты. «Болашақ» стипендиясы қызметте табысты өсудің, түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспеттес.

Осы бағдарламаның арқасында көптеген түлектер мемлекеттік қызметтерде, халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты жұмыстар атқаруда. Алғашында, яғни 1994 жылдары «болашақтықтар»14 елде білімін шыңдаса, қазіргі таңда, әлемнің 38 елінің алдыңғы қатарлы 650 оқу орнында оқып жатыр. Жыл өткен сайын бәрі де артып келеді-талап та, тілек те, қолдау да және қызметін ұсынған елдер саны да. Алайда тілек білдіріп, бағы жанып, шетелге аттанған ұл-қыздарымыздың, әсіресе қыздарымыздың мінез-құлқы мен жүріп-тұруы мұң болып тұр, олардың сабақтан тыс өмірі қалай өтуде? Бұл бір Аллаға ғана аян. «Үйдегі» қыздардың қылығы ойландырмай қоймай отырғанда, алысқа білім іздеп кеткен қыздардың халі нешік, «қызым үйде, қылығы-түзденің» керін келтіріп жүрген жоқ па деген ой кейде мені де мазалайды.

Осындай ойдың тууына себеп ел арасында кең тараған «шетелге кеткен қыздарымыздың басым көпшілігі шетелдіктерге тұрмысқа шығуға құмар» немесе «кейбіреулері жат жұртта жағымсыз қылықтармен айналысып, кім көрінгеннің қол жаулығына айналған» деген сұмдықтың шетін құлағымыз естіп қалып жүр.

Дүкеннен зат сатып алғандай,қабілетті, алғыр балаларды көргенде, оларды қызықтырып алып қалу да онша қиындық тудырмайды. «Шетелде оқиды» дегенді мәртебе санайтын аңқау қандастар жыртылып артылады. Әке-шешесінің дәулетінің бір өлшемі санайтындықтан, үлде мен бүлдеге оранып еркін өскен кейбір еркетотайлардың ол жақта да ешнәрседен тайынбайтынының соңы қайғылы оқиғаларды тудырып отыр.

2011 жылы 12 қараша күні сонау Австралияда 22 жастағы Сағынай Батырханованы өз күйеуі пышақтап кетті деген суық хабар жетті. Сағынайдың үш ай алдын дүниеге сәби әкеліп,  қыз бала босанғаны белгілі болды. Сол елде Таиланд азаматымен азаматтық некеде тұрып жатқан. Сәбиді сол елдің әлеуметтік қызметі қамқорлығына алыпты. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді. Қазір ол қамауда. Кінәсін мойындаған. Жерлесіміз Сағынай Батырханова Австралияның Гриффит университетінде «Болашақ» бағдарламасымен бірінші курста оқыған. Студент Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауылында 1989 жылы туылған.

Таяуда интернет беттерінде Малайзияда оқитын тағы бір қазақ қызы некесіз бала туып, шарананы қоқыс жәшігіне тастаған қылмысы әшкереленіп, құқық қорғау орнының қызметкерлеріне ұсталды деген ақпарат таратылды. Ата-анасы байғұс бүкіл бала-шаға тұрып жатқан үйді кепілдікке қойып, бар жиған-тергенін қалтасына салып беріп, «үміт артқан көзінің қарашығын» өркениетті елдерден оқып, үйреніп, өрісі кең болып қайтсын деген игі тілекпен аттандырғанда, бәрінің бірдей сол сенімі мен үміті ақталды ма?

Осыдан 5-6 жыл бұрын болған оқиғаны естеріңізге сала кетейін. АҚШ елінде оқыған Әсел Әбдіғаппарованың ісін ел-жұрт ұмыта қойған жоқ шығар. Америкалық жігітпен азаматтық некеде тұрған ол аялдамада өз бетінше автобус күтіп тұрған әйелді екеулеп көлікке мінгізіп, қонақүйге апарып зорлап, қылғындырып өлтірген. Өлтірген соң күйеуіне дүкеннен күрек сатып әкеп, көміп жатқанда қасында қарап тұрған. Сөйтіп  қылмыстық іске қатысқаны үшін Америка заңы бойынша Әсел өлім жазасына кесілді. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің араласуымен үкім өзгертіліп, ол қырық жылға бас бостандығынан айрылды.

Әселдің ағылшын тілін дұрыс білмейтіндігінен АҚШ әділет орындары тарапынан сотта көп әділетсіздіктерге жол берілгендігі анықталды. Кейіннен белгілі болғандай, халықаралық білім бағдарламасы бойынша АҚШ-қа Әсел емес, туған інісі Әсет емтихан тапсырған, АҚШ-та Әсет оқуы керек болатын. Сапарға аттанатын кезде Әсетің қолы сынып, оның орнына отбасының келісімі бойынша, Америкаға оқуға Әсел кетеді. Ал Әселдің ол жақтағы тағдыры анау болды...Қыздар шетелге барып өзінің қара басын алып жүре алмаса, белгілі бір дәрежеде Қазақстан туралы «шындық» қалыптасады. Ұяты мен намысы елге тиеді. Онсыз да Қазақстанның халықаралық білім беру орталығының басынан қатал сынақ өтуде, «Борат» атты фильмді көрген олар біз туралы жақсы ойламайтыны анық.

2008 жылдың 14 желтоқсанкүні Мәскеу қаласында 18 жастағы 1 курс студентіЕрлан Әйтімов И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде оқып жатқан скинхедтер қолынан аяусыз ажал құшқан болатын. Тағы міне, айдың күннің аманында 2011 жылдың 26 маусымында кешқұрым,тап сол университеттің 4 курс студенті Ернар Әлиевті баскесерлер пышақтап өлтіріп кеткен. Амал қанша, тұратын жеріне 20 метрдей жетпей көз жұмған. Екі күннен кейін Ернар дипломдық жұмысын қорғап, Алматыға оралғалы отырған. 2011 жылғы мәлімет бойынша, И.М. Губкин атындағы университетте 240 қазақстандық жастың оқитындығы жарияланған. Ресей университеттеріндегі қалған қазақ балаларының тағдыры мен қауіпсіздігі қалай болмақ? Өкінішке орай, «Ресей үкіметінің шаруасы басынан асып жатқанда, шетелдік студенттердің қауіпсіздігі үшін күресетін жағдайда емес» делінген хабар келген.

Осы бес мысалдың өзі-ақ алаңдатарлық жағдайға негіз болады. Сондықтан, «Болашақ» деп есіл-дерті шетелге бару, біреу бірдеңе пісіріп қойғандай, қаралай лепіріп жүргендердің құлағына алтын сырға. Бар асылды шетелден іздеудің қажеті жоқ,  шындап іздеген жанға білім өз елімізден де табылады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 568
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 294
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 316
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 326