Дүйсенбі, 19 Сәуір 2021
1530 2 пікір 1 Наурыз, 2021 сағат 12:28

Цой: Дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңге

2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Алексей Цой айтты.

Денсаулық сақтау министрі Мемлекет басшысы биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын еске салды.

- «2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге жетеді деп болжануда. Мәселен, 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджетте тиісті шығыстар көзделген: 2021 жылы – 222 млрд теңге, 2022 жылы – 362 млрд теңге, 2023 жылы - 557 млрд теңге. Осылайша, 2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңге болады. 2023 жылы 561 мың теңгеге дейін жетеді. 2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңге, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді», - деді Алексей Цой.

Abai.kz

2 пікір