Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4620 0 пікір 28 Наурыз, 2012 сағат 12:57

"Атом көлі" - ажал апаны

Кеше ядролық қаруға қарсы халықаралық форум өз жұмысын аяқтағаны мәлім. Ал, совет билігі ядролық сынақтар алаңына айналдырған бұрынғы Семей облысының бірнеше ауданының аумағы жабылғанына жиырма жыл өтсе де, мыңжылдықтарға созылар атомның зардабын әлі тартып келеді. Жергілікті билік радиациялық аймақты мекендеген жұрттың ажалмен күнде бетпе-бет келіп отырғанын білсе де білмегендей кейіппен жиырма бірінші жылды бастан кешіріп жатыр.

Бірінші суретте - «атом көлі», ол «Балапан» сынақ алаңында орналасқан. Бұл көл 1965 жылы қуаты 140 килотонна термоядролық әскери қару сынағы нәтижесінде пайда болған. Көлдің диаметрі - 500 метр, су бетінен түбіне дейінгі тереңдігі - 80 метр.

Екінші сурет - «атом көлінің» тап іргесінде - 10 шақырым жерде тұрып жатқан қазақ отбасының анасы. Ластанған, зиянды суды әлі күнге тасып ішіп отыр.

Ядролық қаруға қарсы халықаралық форумға қатысқандардың күні бүгінгі дейін атомның зардабымен алысып келе жатқан қазақтан хабары бар ма екен? Біле ме екен? Әй, қайдам...

Суреттер voxpopuli.kz сайтынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 492
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 256
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 281
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 271