Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3545 0 пікір 28 Наурыз, 2012 сағат 09:31

Қазақстандық шылымқорлар жылына 28 миллиард дана темекі шегеді

Шылымқорлардың санын азайту үшін темекі өнімдерінің акциз мөлшерлемесін көтеру жеткіліксіз. Бұл Қырғызстанның Қарақол демалыс орталығында өтіп жатқан БАҚ өкілдеріне арналған «Теңдестірмелі акциздік саясат» атты білім беру семинарында айтылды.

«Қазір темекі өнімдерінің акциз мөлшерлемесі Орталық Азия елдерінде әртүрлі. 1 мың темекіге ол Қазақстанда 8,5 долларды құрайды. Қырғызстанда 3,2 пайыздық акциздік мөлшерлемеден басқа бөлшек бағаның 7 пайызы көлемінде алым алынады. Ал Тәжікстанда ол 1 долларды құраса, Өзбекстанда жергілікті өнімде 6 пайыз, импорттық өнімде 13 пайыз көлемінде белгіленген. 2005 жылғы дерек бойынша ең төменгі акциздік мөлшерлеме 1 мың дана темекіге Ұлыбританияда - 264, Францияда - 181, Германияда - 162, Италияда - 109, АҚШ-та - 108, Болгарияда - 100, Румынияда - 90, Түркияда - 88, Литвада - 86, Жапонияда - 72 долларды құрайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзге елдерге бөлшек саудада оны 70 долларға жеткізуді ұсынып отыр», - дейді JTI компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы Олжас Бибанов.

Оның айтуынша, шылымқорлар санын азайтуда мемлекеттік қаржылық реттеудің бұл құралы жеткіліксіз. Ол заңсыз өнімнің үлесін көтеруі мүмкін. Қазір әлемде жыл сайын 70 миллиард доллардың темекі өнімдері сатылатынын ескерсек, нарықтағы заңсыз өнімнің үлесі айтарлықтай екенін аңғаруға болады. Бүгінгі таңда ол Еуропалық Одақтың бірқатар елдерінде 40 пайызды, ал Қазақстанда 2 пайызды құрайды. 1 мың дана темекіге де ТМД елдері оның мөлшерлемесін 70 долларға көтерген жағдайда оған жұмсалатын жеке табыстың үлесі 2015 жылы Ресейде 1,4 пайыз; Қазақстанда 1,7 пайыз, Беларусте 2,5 пайыз, Әзірбайжанда 3,1 пайыз, Украинада 3 пайызды құрауы мүмкін. Сарапшылардың пайымдауынша, 1-1,7 пайыз аралығы қауіпті, ал одан жоғары болса қатерлі деп саналады. Өйткені әлемдік тәжірибеде шығын көлемі артқан сайын заңсыз өнімді тұтыну деңгейі өсе түсетінін көрсетіп отыр. Мәселен ЕуроОдақта 2010 жылы оның деңгейі Литвада - 42,5, Латвияда - 42, Болгарияда - 32, Эстонияда - 18, Польшада -10,2, Венгрияда - 5 пайызды құраған.

kaz.gazeta.kz

0 пікір