Жексенбі, 7 Наурыз 2021
46 - сөз 3432 1 пікір 22 Ақпан, 2021 сағат 13:27

Байден Ресейге қатысты не айтты?

Байден Мюнхен конференциясында сөз сөйледі, қарап отырдым. Сонда 20 минутқа созылған баяндамасында, Байден қысқаша айтқанда мына ойларды айтты. Маңызды дегендері(сөзбе-сөз емес, бірақ осы мағынада):

- АҚШ қайтып оралды, НАТО қайта оралды! Біз жіберіп алған мүмкіндіктер мен жоғалтқан позицияларымызды қайта қалпына келтіруді бастаймыз.

- Римнен Ригаға дейінгі аралықтың мызғымас қауіпсіздігі жалғасын табады. НАТО-ның бір мүшесіне шабуыл, барлығымызға шабуыл болып саналады. Біз ондай әрекетке қатаң жауап береміз. 2001 жылы АҚШ-қа шабуыл жасалғанда Еуропалық одақтастарымыз бізбен бірге екенін көрсетті. Әл-Каидамен бірге күрестік. Бұл мызғымас қағида.

- Ирактағы қауіпсіздікті күшейтіп, сауда-саттықтың дамуына үлес қосуға тиіспіз. Біз ДАИШ(ИГИЛ)-тың қайта тірілуіне, бас көтеруіне жол бермейміз.

- Еуропалық одақтастарымыз, АҚШ және Азиядағы әріптестерімізбен Қытайдың жабайы экономикалық жаулауына қарсы тұрамыз. Бұл үлкен күрес болмақ және біз оған дайынбыз. Интеллектуалдық жеке меншікті ұрлауға жол жоқ. Әлем ортақ ережемен ойнауы тиіс.

- Кремль Еуропадағы елдерге қауіп төндіріп, демократиялық институттарға шабуыл жасауда. Олар хакерлік шабуылды доғарар емес. Путин НАТО елдерінің арасына сына қағып, алауыздық дәнін себуде. Біз Ресейге олай жасауға болмайтындығын жақсылап түсіндіреміз.

- АҚШ әлем елдерімен бірге. Сол себепті де біз климатты қолдауға арналған "Париж келісіміне" қайта оралдық. ДДСҰ(ВОЗ)-мен бірге жұмыстарды қайта бастадық. Вашингтон коронавируспен күресуге 2 млрд доллар қаржы бөлмек.

- Иран ядролық қаруды иемденуге ұмтылуда. Біз ядролық технологияның террорлық топтарға өтуіне жол бермейміз. Алайда Иран ядролық келісімге сай әрекет етсе, талаптарды орындаса, оны қайта қарауға болады деп ойлаймын.

Асхат Қасенғалидің жазбасы

Abai.kz

1 пікір