Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2738 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 15:25

Ноам Шайбер: Американдықтар ақша санауды қайта үйренді

АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі аталмыш державаны шыр айналдырған қаржы дағдарысының қазіргі жай-күйімен қазақстандық БАҚ-ты ақпараттандыру мақсатында бейнеконференция өткізді. Бұл жолғы қонағымыз - экономика және саясат тақырыбына маманданған журналист, The New Republic журналының аға редакторы Ноам Шайбер еді. «Панорама», «Мегаполис», «Экспресс К», «Жас Алаш», «Жас қазақ» сияқты жалпыұлттық басылымдардың журналистері түгенделді-ау дегенде, кең экраннан Ноамның көрінісі шыға келді. Қылқынтып галстук тағып, қалшиып костьюм киген қонағымыздың артқы фонында - алабажақ АҚШ жалауы. Бір жағынан, бұл - қанша жерден қиын-қыстау кез болсын, «янкилік көңіл түспейді, Американ туы жығылмайды» деген күйді білдірсе керек. Ендеше, осы бейнеконференция барысында Ноам мырза баян еткен жайттардың қысқаша тезисі мынау.

* * *

АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі аталмыш державаны шыр айналдырған қаржы дағдарысының қазіргі жай-күйімен қазақстандық БАҚ-ты ақпараттандыру мақсатында бейнеконференция өткізді. Бұл жолғы қонағымыз - экономика және саясат тақырыбына маманданған журналист, The New Republic журналының аға редакторы Ноам Шайбер еді. «Панорама», «Мегаполис», «Экспресс К», «Жас Алаш», «Жас қазақ» сияқты жалпыұлттық басылымдардың журналистері түгенделді-ау дегенде, кең экраннан Ноамның көрінісі шыға келді. Қылқынтып галстук тағып, қалшиып костьюм киген қонағымыздың артқы фонында - алабажақ АҚШ жалауы. Бір жағынан, бұл - қанша жерден қиын-қыстау кез болсын, «янкилік көңіл түспейді, Американ туы жығылмайды» деген күйді білдірсе керек. Ендеше, осы бейнеконференция барысында Ноам мырза баян еткен жайттардың қысқаша тезисі мынау.

* * *

-       Биылғы жылдың ақпан-наурыз айларында АҚШ-тағы қаржы дағдарысы шарықтау шегіне жетті. Осы кезде (3-4 апта) дағдарыстың экономикалық сипатынан гөрі саяси сықпыты басымдау болды-ау. Неге десеңіз, ел үкіметі дағдарысты еңсеру жолындағы шаралардың қайсысын жүзеге асыратынын таңдау керек еді. Қаржы министрі Тимоти Гейтнер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы (инвесторлар) проблемалық активтерді сатып алу керек деген ұсыныста қалса, Ақ үй «мемлекет мұндай активтерді ешкімді араластырмай өзі ғана сатып алады» деген ұстанымда болды. Қос ұсыныс та жан-жақты талқы тезінен өтіп, ақыр аяғында Гейтнердің ұсынысы қабыл болды. Бұл жоба 23 наурызда жария болысымен, инвесторлардың көңіліндегі күдік кетіп, бәрі де оңалады деген сенім қайта орала бастады. Осы ұсыныстың негізінде елдегі үлкенді-кішілі банктер стресс-тесттен өткізілді. Яғни,  капитал жағдайы, кіріс-шығысы мұқият сарапталды. Стресс-тест өз кезегінде нарықтағы сенімнің нығаюына қосымша стимул болды әрі банктердің осал тұстарын көрсетіп берді. Қуанышымызға қарай, банктердің басындағы мәселелер (дыра) біз күткендей аса қорқынышты емес екен. Әйтеуір, осындай шаралардың арқасында банктерге деген сенім артып, жеке инвесторлардан 90 млрд доллардай қаржы тартылды. Қазір АҚШ экономикасын, оның ішінде қаржылық саланы сауықтыру үшін жоғарыда айтылған екі бағыт бойынша да шаруалар қолға алынған. Айта кетерлігі, Обама үкіметі тек қаржылық саланың қамын күйттеуге бар күшті салып қойды да, экономиканың нақты секторына аз көңіл бөлді. Нақты секторға бөлінген қаржы әлі толығымен жетпей жатыр. Меніңше, екі саланың мәселесіне теңдей қарап, бірін-бірінен бөліп-жармай қарау керек еді.

* * *

- АҚШ бюджетіне түсетін түсімнің 40 пайыздайы қаржы саласынан келеді екен. Бұл дегенің - сұмдық дисбаланс. Осыдан-ақ, қоғамдағы түрлі топтардың арасындағы табыс айырмашылығы алшақтай түсіп, теңсіздік күшейгенін байқауға болады. Элиталық, эксклюзивті, тек бай-бағланның қалтасы ғана жететін дүниелерді шығару сәнге айналып, тұрмысқа қажетті тауарлар шаруашылығы кенжелеп қалды. Қазір несие алу процесі қиындағаннан кейін, бұрынғыдай адамдардың қаржылық спекуляцияларға араласып, тұтыну мөлшерінен тыс тауарларды сатып алуы тоқтады. Одан кейін - жұмыссыздық деңгейі артып келеді. Бұл да халықтың әл-ауқатына әсер етпей қоймады. Жұрт жұмыс орнынан айрылып қалмау үшін бұрынғыға қарағанда көп үнемдеп, артық ақшасын оңды-солды шашпайтын болды. Былайша айтқанда, американдықтар ақша санауды қайта үйренді.

«Abai.kz» сайтынан жалқы сауал

- Жақында жаһанторда қазіргі дағдарыстың туындауына «кінәлілердің» тізімі жарық көрді. Бұл тізімнен PR-агенттіктің жетекшілерінен бастап қаржы пирамидаларын құрушыларды да табуға болады. Жалпы, қазір Америкада «кінәлілерді» іздеу үрдісі қалай жүріп жатыр?

- Иә, қазір бұл тақырып нағыз бумды басынан өткеріп жатыр. Мысалға, «Нью-Иорк Таймс» газеті «Жауапкершілік» айдарымен осындай тақырыпта тұтас материалдар сериясын жариялап жатыр. Тек осы басылым ғана емес, белді деген газет-журналдар бұл тақырыптан тыс қалып жатқан жоқ. Оның үстіне Жаңа жылға қарай «дағдарыс кінәлілері» тақырыбында алты бірдей кітап баспадан шықпақшы.

- Америка өз автоөнеркәсібін аяқ-қолын байлап, дағдарыстың ошағына салып жіберді десе де болады. General Motors банкротқа ұшырады, Hummer қытайлықтарға сатылып кетті, Pontiac, Oldsmobile көліктері тарих қойнауына кетті. Не боп кетті өзі?

-  Ақ үй автоөнеркәсіпті дағдарыс қылбұрауынан құтқару үшін қолынан келгенін жасады. Олардың алдында 2 нұсқа тұрды: бірі - компанияның толықтай банкрот болуына жол беру, болмаса бақылаулы банкроттық, яғни мемлекет қаржы бөле отырып, оның тиімсіз бөліктерінен құтылып, компанияны сақтап қалады. Үкімет бақылаулы банкроттықты таңдады. Мысалға, GM компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Oldsmobile бөлімшесін жапқысы келген, бірақ осы идеясын да іске асыра алмады. Ал үкімет бұл мәселені қолға алысымен, бәсекеге қабілетсіз болып қалған көлік маркаларын шығаруды тоқтатып, көптеген дилерлік орталықтарды жапты. Нәтижесінде, GM аман қалды.

 

Өркен КЕНЖЕБЕКОВ,

«Абай-информ»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2022
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2022
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587