Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2910 0 пікір 16 Ақпан, 2021 сағат 11:10

Дүниежүзілік сауда ұйымының басшысы тағайындалды

ДСҰ-ның Женевадағы Бас кеңесі Нигерия өкілі Нгози Оконжо-Ивеланы ұйымның басшысы етіп тағайындауды мақұлдады. Нигерияның бұрынғы қаржы министрі қызметіне 1 наурызда кіріседі.

Оконжо-Ивеланың айтуынша, ол ең алдымен коронавирус пандемиясынан кейін әлемдік сауданы қалпына келтіру мәселесіне назар аударады.

Нгози Оконжо-Ивела ұйымның көптеген мәселелерге тап болғанын және үйлесімді бірлескен жұмыс ДСҰ-ны мықты, белсенді және бүгінгі шындыққа бейімдей алатындығын айтты.

«Жол белгісіз, ұзақ және қиын болды. Бірақ жаңа күн келді және нақты жұмыс басталады. Бүгінгі күні ДСҰ мүшелері тарихты өздері жасап отыр - ұйым құрылған 73 жыл ішінде бірінші рет, Африкадан келген әйел бас директор лауазымына тағайындалды. Бұл үлкен жетістік. Мен бұған оптимистік көзқараспен қараймын»,- деді Нгози Оконжо-Ивела.

Жаңа төрағаға Еуропалық Комиссияның басшысы Урсулуа фон дер Лейен өзінің құттықтауын жіберді.  Және ол осы сәттің тарихи маңыздылығын атап өтәп, ЕО ДСҰ-ның реформасын қолдайды және ережелерге негізделген көпжақты сауда жүйесін қорғауға көмектеседі деп мәлімдеді.

Бас директор лауазымы өткен жылдың 31 тамызынан бастап бос тұр. Ал, ұйымның бұрынғы басшысы Роберт Азевед мерзімінен бұрын қызметінен кеткен.

Бұған дейін Оконжо-Ивеланың тағайындалуы Оңтүстік Кореяның үміткері Ю Мён Хиді қолдаған Вашингтонның бұрынғы әкімшілігінің ұстанымына байланысты бұғатталған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2058
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2082
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1602