Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2344 0 пікір 22 Наурыз, 2012 сағат 08:51

Аманхан Әлімұлы. Жаңаөзен элегиясы

Жаз қылығы табылар қай күзіңнен,
Аңғарылып тұр мың сан жай жүзіңнен,-
О, Жаңаөзен, жаныңа көрем түскен,
«Елім-ай» әніндегі қайғы ізін мен.

Қарамай қырау шалды боз басыма,
Қоймайтын көңіл шайып,қозбасыңа,-
Тұншығып оянамын кей түндері,
Төгілген қалың қазақ көз жасына.

Мұнда бір гәп бар білем түс дегенмен,
Таста да дақ қалады тісдегеннен.
Қыс та ұзақ жатып алды жамбасы мұз,
Кетпейтін патшадайын күштегенмен.

Шарпысқан от пен оқтың арасында,
Қаралы қам-жай меңдеп барасын ба?
Ана бір адам сенің,қазақтарға,
Сұмдық бір суықтық бар қарасыңда.

Иімей жастан төккен тұр-ау көнің,
Тағдырдың сезіне ме, қырау демін?,-
Жаңаөзен, шерлі жаның сияқтанып,
Жүрегім жиі қағып тұр-ау менің.

Құм мінез, қу тірлікті, жайлап оппа,
Тұрғанда, тұсауға оны айла жоқ па?.
Талқы емес, тағдырда емес, адам қолы,
Жіберді бозбаланы байлап оққа.

Ұқсаған өксік қысты өр теңізге,
Жан жеген жоқтау күйін шертеміз бе?
Санам да салқын тартты сартаптанып,
Ұрынған жапырақтай ерте күзге.

Сыңсиды жел өтінде қияқ талып,
Жайына Ана адамда ұят қалып.
Жанымды жеп бітетін шығар қайғы,
Қалыға түскен күйе сияқтанып.

«Абай-ақпарат»

Жаз қылығы табылар қай күзіңнен,
Аңғарылып тұр мың сан жай жүзіңнен,-
О, Жаңаөзен, жаныңа көрем түскен,
«Елім-ай» әніндегі қайғы ізін мен.

Қарамай қырау шалды боз басыма,
Қоймайтын көңіл шайып,қозбасыңа,-
Тұншығып оянамын кей түндері,
Төгілген қалың қазақ көз жасына.

Мұнда бір гәп бар білем түс дегенмен,
Таста да дақ қалады тісдегеннен.
Қыс та ұзақ жатып алды жамбасы мұз,
Кетпейтін патшадайын күштегенмен.

Шарпысқан от пен оқтың арасында,
Қаралы қам-жай меңдеп барасын ба?
Ана бір адам сенің,қазақтарға,
Сұмдық бір суықтық бар қарасыңда.

Иімей жастан төккен тұр-ау көнің,
Тағдырдың сезіне ме, қырау демін?,-
Жаңаөзен, шерлі жаның сияқтанып,
Жүрегім жиі қағып тұр-ау менің.

Құм мінез, қу тірлікті, жайлап оппа,
Тұрғанда, тұсауға оны айла жоқ па?.
Талқы емес, тағдырда емес, адам қолы,
Жіберді бозбаланы байлап оққа.

Ұқсаған өксік қысты өр теңізге,
Жан жеген жоқтау күйін шертеміз бе?
Санам да салқын тартты сартаптанып,
Ұрынған жапырақтай ерте күзге.

Сыңсиды жел өтінде қияқ талып,
Жайына Ана адамда ұят қалып.
Жанымды жеп бітетін шығар қайғы,
Қалыға түскен күйе сияқтанып.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2020
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2022
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587