Сенбі, 27 Сәуір 2024
3462 4 пікір 11 Ақпан, 2021 сағат 14:17

Джо Байден Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті

АҚШ президенті Джо Байден Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл Байденнің әлемдегі екінші үлкен экономиканың жетекшісімен қарашадағы сайлауда жеңіске жетіп, қаңтарда қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы тікелей байланысы.

Бұл сондай-ақ Си Цзиньпин мен АҚШ президенті арасындағы Дональд Трамппен сөйлескеннен кейінгі алғашқы диалог болды. Содан бері екі ел арасындағы қатынастар ең төменгі деңгейге түсіп кеткен.

Ақ үйдің мәлімдемесінде Байден «Бейжіңнің мәжбүрлейтін және әділетсіз экономикалық тәжірибесіне, Гонконгтағы репрессияға, Шыңжаңдағы адам құқығының бұзылуына және аймақта, соның ішінде Тайваньға қарсы агрессивті әрекеттерге қатысты негізгі алаңдаушылықты атап өтті» делінген.

Байден мен Си Цзиньпин «COVID-19 пандемиясына қарсы күрес және жаһандық денсаулық сақтау, климаттың өзгеруі және қарудың алдын-алу саласындағы жалпы сын-қатерлер туралы пікір алмасты» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Байден ҚХР Президентіне АҚШ-тың «еркін және ашық Үнді-Тынық мұхиты аймағын» сақтап қалғысы келетіндігін айтты.

Abai.kz

4 пікір