Сенбі, 11 Мамыр 2024
Үміт пен күдік 5931 3 пікір 10 Ақпан, 2021 сағат 13:59

Қарызға батқан Қазақстан һәм 160,9 млрд доллар!

Бұл Қазақстаның Ұлттық банкі таратқан ақпарат. 2020 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіштер бойынша, жаңағы 160,9 млрд доллар дегеніңіз - ЖІӨ-нің 90,7%-ы екен.

Қазақстанның сыртқы қарызының, яғни осы 160,9 млрд доллардың 80%-ы жеке ұйымдардың міндеттемелеріне тиесілі екен. Оған жауапкер мемлекет те, қарапайым азаматтар да емес көрінеді. Бұл туралы Ұлттық банктің төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев мәлімдеген.

Жеке сектордың компанияаралық қарызы – 101,3 миллиард доллар (62,9%), квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы – 20,1 миллиард доллар (12,5%), ал мемлекеттік сыртқы қарыз – 13,2 миллиард доллар (8,2%).

Сондай-ақ, 2020 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстаның тікелей және шартты сыртқы міндеттемелері – 33,3 млрд долларды құраған. Бұл соңғы үш жылдағы 6,2 млдр долларға немесе 15,7%-ға азайған көрсеткіш. Ол негізінен квазимемлекеттік сектор қарыздарының уақытынан бұрын төленуі мен реструктуризация жасалуы есебінен қысқарған.

«Қазақстаның мемлекеттік секторы өзгелерге қарағанда нетто-кредитор болып саналады. Сондықтан, 2020 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіш бойынша, Қазақстанның сыртқы активтері сыртқы міндеттемелерден 43 млрд долларға немесе 4,3 есеге көп болды. Яғни, біз өзгелерге емес, өзгелер бізге қарыз деп айтуға болады», - дейді Ұлттық банк ақпараты.

Что происходит с торговым балансом Казахстана- Kapital.kz

Ал Ұлттық банктің төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев: «Халықаралық тәжірибеде сыртқы қарыздың параметрлерін талдау кезінде компанияаралық қарызды алып тастау әдетке айналған, өйткені ол ең аз қауіпті болып саналады. Ақыр соңында, аффилиирленген несие берушілер қарыз алушылардың табысты қызметін жалғастыруға мүдделі және бұл міндеттемелер көп жағдайда шартты болып табылады. Қазақстанның сыртқы қарызы Үкімет пен Ұлттық банктің үнемі бақылауында», - дейді.

Ол жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасы мен Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасы елдің қарызының тұрақтылығын анықтайтын индикаторлар белгіленгенін еске салды:

а) мемлекеттік және квазимемлекеттік қарыздың арақатынасы (сыртқы және ішкі) – ЖІӨ-нің 60% -ынан аспауы керек (2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 46,5%);

б) елдің сыртқы қарызының арақатынасы – ЖІӨ-нің 100% -ынан аспауы керек (2020 жылғы 1 қазандағы 90,7%);

в) Үкіметтің сыртқы қарызы мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарызының көлемі – Ұлттық қордың валюта активтерінің жалпы сомасынан аспауы керек (2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 59,1%).

«Бұл көрсеткіштердің сақталуын жыл сайын Қаржы министрлігі (мемлекеттік қарыз бойынша) және арнайы ведомствоаралық комиссия (квазимемлекеттік қарыз бойынша) сыртқы қарыз алудың рұқсат етілген мөлшерін (лимитін) құрумен қамтамасыз етеді.

Сыртқы қарыздар елдің экономикасы мен халқына ауыртпалық түсірмейтіндігін ұмытпаған жөн. Сыртқы қарыз, оны ұтымды түрде қайтару мүмкіндігін ескере отырып (тұрақты табыс деңгейі, өтімді активтердің болуы) қосымша инвестиция көзі ретінде қызмет етеді. Сыртқы қаржыландыруды тарту жаңа технологиялардың келуін қамтамасыз етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, тікелей салықтармен қамтамасыз етеді, әлемдік өндірістік тізбектерге интеграциялануға және сату нарықтарының кеңеюіне ықпал етеді», - дейді Өскенбаев.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1928
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2083
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1729
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1525