Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 5102 12 пікір 10 Ақпан, 2021 сағат 14:09

Ресейдің 16 телеарнасына тыйым салынды

Латвия тағы 16 ресейлік арнаны ретрансляцияланған арналар тізімінен шығарды. 

Аталған елде көрсетілмейтін ресейлік телеарналар тізімі: REN TV Baltic, NTV Mir Baltic, Karusel International, NTV Serial («НТВ Сериал»), NTV Stilj («НТВ Стиль»), «НТВ право», «Киномикс», «Наше новое кино», «Родное кино», «Индийское кино», «Кинокомедия», «Киносерии», «КВН ТВ», «Кухня ТВ», BOX TV және HD Life.

«Бұл шешім, жоғарыда аталған бағдарламаны тарату өкілі немесе Латвиядағы бағдарлама иелерінің атынан келісім бере алатын Латвиядағы өкілдер туралы ақпараттың болмауына байланысты қабылданды және Кеңес иесінен Латвияда тарату мерзімін ұзарту туралы ешқандай ақпарат алған жоқ», - делінген электронды БАҚ жөніндегі ұлттық кеңестің (NEPLP) хабарламасында. 

Бұрынғы авторлық құқық иесі SIA TEM LV бұдан былай хабар тарату құқығына ие емес екенін түсіндірді. Бөлім өкілдері бағдарламалардың мүмкін болатын жаңа иесінен оларды ел аумағында тарату құқықтары туралы тиісті  құжаттарды сұраған. Бірақ растайтын құжаттар келмеді.

Біздің елде де ресейлік насихат немесе пропаганмен айналысатын телеарналар аз емес. Ашық дұшпандық және арандатушылық бағдарламалары бар кейбір ресейлік телеарналарды біз де жабсақ орынды болар еді.

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1949
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2212
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1824
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1543