Сенбі, 11 Мамыр 2024
3396 1 пікір 8 Ақпан, 2021 сағат 15:58

Шығыста ұлт мектебінің атасы ұлықталды

Биыл ұлт мектебінің негізін салушы милет ұстазы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толады. Біздің сайтта белгілі журналист Дархан Әбдік түсірген Ыбырай Алтинсарин туралы деректі фильмге қатысты «Ұстаз» деректі фильмі эфирге шығады» атты танымдық материал жарияланған болатын. 

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен 2-22 ақпан аралығында «Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған» акциясы аясында аймақтағы мемлекеттік тілді оқып жүрген тыңдаушылар арасында милет ұстазы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуын ұлықтайтын өнегелі іс-шара өтіп жатыр. Оған қатысушылардың Ыбырай өлеңдерін жатқа айтқан бейнероликтері әлеуметтік желіде #Өнер_білім_бәрі_де_оқуменен_#Ыбырай_Алтынсарин_180 жыл хэштегімен жарияланады.

Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры  Әсемгүл Мәдениетқызы: «Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған» акциясының мақсаты: Әлеуметтік желі арқылы қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын насихаттау, тыңдаушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тіл байлықтарын, мәнерлеп оқу шеберлігін дамыту, көп ұлтты аймағымызда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы сыйлаған ұлы мұратымыз қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру бағытында өз үлесімізді қосып, еселі еңбек етуді осындай бұқаралық іс-шаралар арқылы көздеп отырмыз» дейді.

Осы игілікті істі 23 ақпан күнгі Zoom платформасындағы мемлекеттік тілді оқып жүрген тыңдаушыларға арналған ақпараттық-танымдық сағат өз мәресіне жеткізеді. Міне, Ел Президенті Қ.Тоқаев сөз еткен «қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру» ұлттық концепциясына қатысты Шұғылалы Шығыста осындай ізгі істер атқарылып жатыр.

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1919
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2026
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1697
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1515