Сенбі, 4 Мамыр 2024
4249 3 пікір 25 Қаңтар, 2021 сағат 13:47

Министр: Директорлардың айлығы ұстаздардан да төмен

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларының айлығы өсетінін айтты. 

Министр өткен сенбіде орта білім саласының өкілдерімен кездесу өткізіп, бірқатар мәселелер мен идеялар талқыланғанын жазған.

«Әріптестерім көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мәселелерін ортаға салды және идеяларымен бөлісті. Ұстаздар "білікті педагогтер басшылық лауазымдарға ұмтылуға құлықты емес", - дейді. Өйткені директорлардың айлығы ұстаздардың еңбекақысынан әлдеқайда төмен. Дегенмен, жүктелетін міндет көп, артылатын жауапкершілік жоғары.

Осыған байланысты мектеп басшыларын тағайындау және олардың жалақысын арттыру бойынша енгізілетін өзгерістер туралы айттым.
Алдағы уақытта осы жаңашылдықтар жайында толығырақ жазатын боламын»,- деді министр.

Сонымен қатар, Аймағамбетов әдіскерлердің рөлін арттыру, ротация институтын енгізу, білім беру ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптарды күшейту, оларды тағайындау және аттестаттау тәртібін өзгерту қажеттілігі туралы сөз қозғалғанын айтты.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1036
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 770
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 891