Сенбі, 27 Ақпан 2021
2479 24 пікір 22 Қаңтар, 2021 сағат 15:04

Қазақстанда 3,22 млрд. теңгеге крематорий салынады

Алматыда 2021 жылдың 21 қыркүйегінде крематорий құрылысы аяқталады. Оған бюджеттен 1,74 млрд. теңге қарастырылған. Ал, Нұр-Сұлтандағы крематорий құрылысына 1,48 млрд.теңге бөлінбек. 

Kursiv.kz порталының мәліметінше, Алматы билігі 2020 жылы 21 желтоқсанда «Mega Build Kazakhstan» ЖШС-мен 1,47 млрд теңге көлемінде крематорий салу туралы келісімге қол қойды. Құжаттарға сәйкес, жұмыс 2021 жылдың 21 қыркүйегінде аяқталуы керек. Сатып алу бір көзден тікелей келісімшарт жасасу арқылы жүзеге асырылған.

Крематорий Алматының Алатау ауданында салынбақ. Ол бір залдан, екі пештен тұрады.

Ал, «Mega Build Kazakhstan» ЖШС мердігер ретінде Алматыдағы бірнеше элиталық тұрғын үй кешендерінің, Tamos Education оқу орталығының, сондай-ақ Азия газ құбыры мен Жетіген-Қорғас теміржол желісінің құрылысына қатысқан. Негізін қалаушы - Айдос Жұрынов.

Бұған дейін Алматыдағы крематорийдің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша тендерді «ДНТ Центр Строй» ЖШС жеңіп алған болатын. Келісімшартқа сәйкес, ол 44,5 млн.теңгеге бес ай ішінде, яғни 2020 жылдың қазан айының соңына дейін жұмысты орындауы керек еді. Крематорийдің құрылысын сол компания қадағалайды. Бұл қызметтер бюджетке 15 миллион теңге шығын әкеледі.

Ал, Нұр-Сұлтандағы крематорийді кім салатыны әзірге белгісіз. 2020 жылдың желтоқсан айында Мәскеу құрылыс дирекциясы «Биологиялық және медициналық қалдықтармен патологиялық бюро салу» объектісі бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойды. Құжаттар келісімшарттың 099 «Зираттармен крематориялар салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша тіркеуге жататындығын көрсетеді .

Жобалаушы - «Инженерлік-конструкторлық бюро» ЖШС - 2021 жылдың 28 ақпанына дейін жобалық-сметалық құжаттаманы ұсынуға міндетті. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны 41,9 миллион теңгені құрайды.

Жалпы, Қазақстанда крематорий құрылысы туралы даулар 1980 жылдардан бері жалғасып келеді.

2003 жылы чех компаниясы - кремациялау жабдықтарын жеткізуші компанияның өкілдерімен кездесуде оңтүстік астанаға екі крематорлы пештер жеткізуге шешім қабылдады және бюджеттен крематорий құрылысына қаражат қарастырылды. Бірақ жоба кейінге қалдырылды.

Одан кейін бұл мәселе 2012 жылы көтерілді. Бірақ, діни қызметкерлер крематорий салуға қарсылық білдіргендіктен Алматы қаласының құрылыс басқармасы Қазақстанда крематориялар ешқашан салынбайды деп хабарлады.

Осыған қарамастан, 2014 жылы «Жерлеу қызметтерінің арнайы комбинаты» РМҚК өкілдері әкімдік қаулысымен 3 миллион доллар тұратын крематорий салу жобасын дайындады. Бірақ бұл жоба да кейінге қалдырылды.

Алайда, 2020 жылға арналған республикалық бюджеттен билік Алматы крематорийіне 1,74 млрд.теңге, ал, Нұр-Сұлтандағы крематорий құрылысына 1,48 миллиард теңге бөлген.

Abai.kz

24 пікір