Сенбі, 27 Ақпан 2021
1718 0 пікір 22 Қаңтар, 2021 сағат 11:02

Ғабидолла Әбдірахымов вице-министр болды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы «Болашақ» бағдарламасымен неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы ретінде бастаған. 1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымды қызмет атқарды. 2008-2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы. 2012-2013 жылдары — ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы. 2013-2015 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2015-2017 жылдары — Шымкент қаласының әкімі. 2017-2018 жылдары — «Нұр-Отан» партиясының хатшысы. 2018-2019 жылдары — Шымкент қаласының әкімі.

2019 жылдың қарашасынан қазірге дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Abai.kz

0 пікір